12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы, Парламент Мәжілісінің депутаты Азат Перуашев бастаған партияның орталық аппаратының өкілдері Жамбыл жеріне арнайы сапармен келді

Азат Тұрлыбекұлы бастаған топ: партияның Жамбыл облыстық филиалының, облыстық мәслихаттағы тұрақты комиссияның төрағасы Мұқанбетәлі Шалқарбеков, облыстық мәслихаттың депутаты Дәурен Ахметжаев және Тараз қалалық мәслихатының депутаттары Руслан Мырқалықов, Бауыржан Найзақұлов, Шахан Байкенжеевпен бірге Тараз көтерме тарату орталығына барды.

Халық қалаулыларын орталықтың құрылтайшысы Алтай Карабеков қарсы алып, инфрақұрылым, логистикалық мүмкіндіктерін таныстырды. Сондай-ақ аймақтағы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі орталықтың рөліне тоқталып өтті.

Тараз көтерме тарату орталығы – ауыл шаруашылығы өнімдерін жинақтап, сақтау және аймақтық нарыққа тиімді таратуға арналған заманауи кешен. Мұнда салқындатылған сақтау қоймалары, жүк түсіру мен жөнелту алаңдары, сондай-ақ өнім сапасын бақылау жүйелері қарастырылған. Бұл орталықта 10 мың тоннаға дейін көкөніс өнімдері сақталады.
Осы арқылы аймақ тұрғындарына көкөніс өнімдерін тиімді бағада таратуға мүмкіндік бар. Бұл бір жағынан баға бағамын тұрақтандыруға септігі мол.


Азат Тұрлыбекұлы орталықтағы жұмыс процесімен танысып, орталық арқылы ауыл шаруашылығы өнімдерін тұтынушыға тікелей жеткізетін тетіктерге, фермерлермен өзара әрекеттесу мен логистика саласындағы туындайтын мәселелерге назар аударды.
Бүгінде Тараз көтерме тарату орталығында жалға алу негізінде Rich Gold компаниясы да өз жұмысын жүргізіп отыр.
Заманауи кәсіпорын жеміс-жидектерді өңдеп, шырын, пульпа, пюре және концентраттар өндіреді. Компания өндірілетін отандық өнімдердің үлесін арттырып, ауыл шаруашылығын дамытуға үлес қосуды көздейді.
Кәсіпорын жеміс өсіретін дихандармен тығыз әріптестік орнатқан. Осы арқылы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің өнімдерін сатып алып, олардың еңбегін тиімді етуге көмектесіп келеді.
Rich Gold-тың өндірге табиғи, экологиялық таза және пайдалы өнімді тұтынушылар тарапынан үлкен сұранысқа ие.

Алматыда «Сириус» мектебі мен білім беру орталығының іргетасын қалау рәсімі өтті

Алматыда «Сириус» білім беру орталығымен ынтымақтастық аясында I Таланттар...

Экологиялық қылмыстар жазасы қатаң 

Экологиялық қылмыстық құқық бұзушылықтар Қылмыстық кодекстің 13-тарауымен бекітілген. Осы...

Правительство намерено пересмотреть подушевое финансирование в сферах образования и здравоохранения

Правительство Казахстана начало системный пересмотр механизмов государственно-частного партнёрства в...

Аида Балаева: Білім мен медицинадағы қаржыландыру жүйесі әділ әрі ашық болуға тиіс

Мемлекет басшысы таяуда «Түркістан» газетіне берген сұхбатында білім беру...