Биыл Қазақстан кітапханаларына 37 млн оқырман барған

Қазақстанда кітап оқуға деген қызығушылық айтарлықтай артып келеді, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Биыл ел бойынша кітапханалар келушілер санының рекордтық көрсеткішін тіркеп отыр. Жыл басынан бері 37 миллион оқырман кітапханаға барған.

Соңғы бір айдың өзінде Алматыдағы Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасына шамамен 13 мың адам жүгінген. Ең белсенді оқырмандар – 17 мен 25 жас аралығындағы жастар, ал 45 жастан асқан келушілердің саны – екі мыңға жуық. Шамамен үш мың адам кітапханаға алғаш рет тіркелген.

Оқырмандар көбіне қазақ және әлем әдебиетінің классикалық және көркем шығармаларын оқығанды жөн көреді. Кітап сүйер қауым көбіне романдар, повестер мен поэзияны таңдайды. Соңғы айларда қазақ классикасына және ұлттық философиялық әдебиетке қызығушылық айтарлықтай артқан.

Бүгінде Қазақстанда 3 883 қоғамдық кітапхана жұмыс істейді. Жыл басынан бері ел бойынша 5,3 миллионнан астам жаңа оқырман тіркелген.

Когда счет идет на секунды

ДЕПУТАТЫ МАЖИЛИСА БЬЮТ ТРЕВОГУ – В КАЗАХСТАНЕ СИСТЕМА ПОЖАРНОЙ БЕЗОПАСНОСТИ И РЕАГИРОВАНИЯ НА ЧРЕЗВЫЧАЙНЫЕ СИТУАЦИИ СТАЛКИВАЕТСЯ С ТАКИМИ ОГРАНИЧЕНИЯМИ, ПРИ КОТОРЫХ ЭКСТРЕННЫЕ СЛУЖБЫ НЕ ВСЕГДА МОГУТ СВОЕВРЕМЕННО ДОБРАТЬСЯ ДО МЕСТА ПРОИСШЕСТВИЯ, А ИНФРАСТРУКТУРА ЭВАКУАЦИИ НАСЕЛЕНИЯ ПРИ ЗЕМЛЕТРЯСЕНИЯХ ФАКТИЧЕСКИ НЕ ИМЕЕТ ЧЕТКОГО НОРМАТИВНОГО ЗАКРЕПЛЕНИЯ.

Қазақстанда тегін 10 сотық жерді қалай алуға болады: Нені білу керек? 

Қазақстанда әр азаматтың жер алу құқығы заңмен бекітілген. Соған қарамастан, іс жүзінде бұл процесс әлі де күрделі әрі ұзақ уақытты талап етеді.

Биыл 10 елді мекен табиғи газға қосылады 

Қазақстанда газдандыру жұмыстары қарқынды жалғасып жатыр. Қазіргі таңда ел бойынша шамамен 13 млн адам табиғи газға қол жеткізген.

Көлік салығы төмендейді, мүлік салығы қайта есептеледі: Жаңа ережелер қандай?  

2026 жылдан бастап Қазақстанда жаңа Салық кодексі күшіне енген болатын. Ондағы басты өзгерістердің бірі – прогрессивті жеке табыс салығы.

Оқушылар қайтадан диктант жазатын болды

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова білім сапасын арттыру үшін дәстүрлі жазба жұмыстары қайта енгізілетінін айтты.