Елімізде тұтынушылық кредитке жаңа шектеулер енгізіледі

Редакциямыз Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымовадан елімізде тұтынушылық кредитті беруге қатысты қандай да бір өзгерістердің бар-жоғын сұрады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұған дейін Үкімет кредиттерге шектеу қою мәселесін қозғаған еді. Қазір осы бағытта нақты қандай шаралар қабылданып жатыр? – деп сұрадық спикерден.

Мәдина Әбілқасымова жауап беріп, соңғы жылдары қабылданған заңдар мен енгізілген шараларды атап өтті.

Шектеу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Біз былтыр заң қабылдадық, биыл маусым айында тағы бір заң енгіздік. Сол заңдарда бірнеше маңызды шара қарастырылды. Атап айтсақ, проблемалық қарыздар болса, жаңа кредиттер берілмейді, кредиттің максималды сомасы шектелді, қарыз мерзімі тамыздан бастап ең көп 5 жыл деп белгіленді, — деді агенттік төрағасы.

Сонымен қатар жаңа заң тұтынушылардың құқықтарын қорғауға бағытталған кешенді шараларды қарастырады.

Заңда енгізілген негізгі жаңалық — бұл іс-қимылды қадағалау немесе мінез-құлықты қадағалау. Енді банк сандарға ғана сүйенбейді, сонымен қатар қарыз алушылармен сапалы жұмыс жүргізуге міндетті. Банктерде қарыз алушылардың құқықтарын қорғау бойынша жаңа бөлімдер құрылады. Олар клиенттердің өтініштерімен жұмыс істейді, жосықсыз практикаларды жоюға бағытталған нормалар енгізілген. Сондай-ақ бірыңғай банк және қаржы омбудсмені институттары құрылатын болады, — деп түсіндірді Мәдина Әбілқасымова.

Оның сөзінше, кейбір нормалар былтыр және биыл қабылданған, ал жаңа заңдағы жаңалықтар 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

Алматы жұртшылығы Шахановты ақтық сапарға шығарып салды

Алматыда халық жазушысы, ақын Мұхтар Шахановты ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті. Іс-шара Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында өтті.

Самокаттар мен мопедтерге жаңа талап: 1 шілдеден бастап не өзгереді? 

Жыл сайын жол-көлік оқиғаларынан (ЖКО) 40 мыңға жуық адам жарақат алады.

АИ-92 бензиніне мораторий алынды: Баға қалай өзгерді? 

Қазақстанда жанар-жағармай материалдары нарығындағы жағдай тұрақты сақталуда. Отын тапшылығы жоқ, қажетті қорлар толық көлемде қалыптастырылған.

Қажылыққа барғысы келетіндерге ескерту: Сауд Арабиясы жаңа талап енгізді 

Сауд Арабиясы Сыртқы істер министрлігі жанындағы Мекке әл-Мукаррама өңірлік филиалы қажылық маусымына байланысты бірқатар маңызды шектеулер мен талаптарды жариялады.

Сынып жетекшілерінің үстемақысы қашан артуы мүмкін? 

ОКҚ алаңында өткен брифингте сынып жетекшілеріне төленетін қосымша ақы көлемін арттыру мәселесі көтерілді. Оқу-ағарту вице-министрі Шынар Ақпарова бұл ұсыныс қазір қаралып жатқанын айтты.