Ауғанстанда болған жер сілкінісі Қазақстанның оңтүстігінде сезілді

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының» хабарлауынша, 2025 жылғы 3 қарашада Астана уақытымен сағат 01:29-да жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Зілзаланың эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай шамамен 1079 шақырым жерде, Ауғанстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің магнитудасы MPV 6.2, тереңдігі 120 км болды.

Сейсмологтардың мәліметінше, дүмпулер Қазақстанның оңтүстігінде әлсіз сезілді:

  • Шымкент қаласында – 2 балл,
  • Түркістан облысының Мақтаарал ауданы Мырзакент ауылында – 2 балл,
  • Жетісай қаласында – 2 балл,
  • Шардара қаласында – 2 балл (MSK-64 шкаласы бойынша).

Құрбандар мен қираулар туралы ақпарат жоқ.

Последнее слово – за избирателем

23 АВГУСТА В КАЗАХСТАНЕ СОСТОЯТСЯ ПЕРВЫЕ ВЫБОРЫ ДЕПУТАТОВ КУРУЛТАЯ. ПОКА ПАРТИИ ПРОДОЛЖАЮТ АГИТАЦИЮ, ИЗБИРАТЕЛИ ПОЛУЧАЮТ ВОЗМОЖНОСТЬ СРАВНИТЬ ИХ ПРОГРАММЫ И ПОЗИЦИИ, А ЭКСПЕРТЫ ОЦЕНИВАЮТ ВОЗМОЖНУЮ ЯВКУ. ОДНОВРЕМЕННО ФОРМИРУЕТСЯ И СИСТЕМА НАБЛЮДЕНИЯ ЗА ГОЛОСОВАНИЕМ.

Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 2,9% құрады

2026 жылғы II тоқсанда Қазақстандағы Халықаралық еңбек ұйымының әдістемесі бойынша есептелген (табысты кәсібі (жұмысы) болмаған, оны белсенді іздеген және жұмысқа кірісуге дайын) жұмыссыздық деңгейі 4,5% құрады.

Ел аумағында бір тәулікте 8 орман өрті тіркелді 

Қазіргі уақытта өрт ошақтарын оқшаулау және толық сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Қазақстандықтар қыркүйек айында қанша күн демалады? 

2026 жылдың қыркүйек айында қосымша демалыс күндері болмайды. Қазақстанда бұл ай әдеттегі жұмыс кестесімен өтеді.

Әлемдік нарықта мұнай бағасы арзандады 

Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 42 центке (0,47%) төмендеп, барреліне 88,56 долларды құрады.