Еуропалық футбол клубы «Қайраттың» қақпашысына қызығушылық танытып отыр

Болгарияның ЦСКА София футбол клубы Қазақстан құрамасы мен алматылық «Қайраттың» қақпашысы Темірлан Анарбековке қызығушылық білдіріп отыр. 22 жастағы қазақстандық қақпашы Премьер-лигада жарқырап, «Селтикке» қарсы ойында үздік өнер көрсетті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі KazFootball.kz сайтына сілтеме жасап.

ЦСКА София – Болгариядағы ең атақты клубтардың бірі. Команданың қоржынында 31 чемпиондық атақ пен 21 ел Кубогы бар. Қазір клуб ұлттық біріншілікте жетінші орында тұр.

Анарбеков – «Атырау» академиясының түлегі. Кейін ол «Қайратқа» ауысып, астаналық «Жеңіс» клубында жалға ойнаған. Биылғы маусымда жас қақпашы Премьер-лиганың жарқын ашылуына айналды: ол Александр Заруцкийдің орнын сенімді түрде басып, «Қайраттың» Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жолдама беретін матчта шотландиялық «Селтикті» жеңуіне зор үлес қосты.

Сондай-ақ ол Кипрдің «Пафосына» қарсы ойында (0:0) тамаша ойын көрсетіп, бес соққыны қайтарды. Осы әсерлі ойынының арқасында болгариялық клуб оның кандидатурасына назар аударып, алдағы қыста келісімшартқа қол қою мүмкіндігін қарастырып жатыр.

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.