958 қазақстандық шетел түрмелерінде отыр

1027 шетелдік азамат еліміздің түрмелерінде жазасын өтеп жатыр. Оның басым көпшілігі – Өзбекстан азаматы. Дегенмен, өзге елде істі болған қазақстандықтар да 1000-ға жуықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Сенат отырысында Бас прокурордың орынбасары мәлімдеді. Ғалымжан Қойгелдиевтің айтуынша, отандастарымыз қалған жазасын Қазақстанда өтеуіне мүмкіндік бар.

Өкінішке қарай, 958 отандасымыз шетелде жазасын өтеуде. Оның көбі, 700 астамы – Ресей Федерациясында. Олардың баптары әртүрлі. Егер азамат шетелде жазасын өтеп жатып, Қазақстанда ары қарай жалғастырып, өтегісі келсе, өзінің келісімі керек, – деді ҚР Бас прокурорының орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев.

Осыған дейін Қазақстан 80-нен астам мемлекетпен екіжақты экстрадиция туралы келісім жасаған. Оның ішінде, сотталған азаматтар өз отандарында қалған жазасын өтеу де қарастырылды. Бүгін Сенат тағы бір мемлекет – Мароккомен тура осындай келісімді ратификациялады.

Біз келісім жасағанда елдің геостратегиялық жағдайына бірінші мән береміз. Туризмі дамыған, транзиттік хабтарға басымдық беріледі. Қазақстандықтардың, қай мемлекетке көп баратыны саралады. Марокко әлеуеті мол бағыт. Себебі, Африка құрлығы мен Еуропаны Гибралтар бұғазы арқылы байланыстырып тұр. Сондықтан, келісімді болашақ үшін жасадық деуге болады, — деді Ғалымжан Қойгелдиев.

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.