Азаматтардың құқықтарын қорғау — басым бағыттардың бірі

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментіне,уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі ретінде, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызмет туралы заңнама талаптарын және қызметтік әдеп нормаларын сақтауын бақылау бойынша функциялар жүктелген.

Мәселен, Департаментке Алматы қаласы азаматының өтініші келіп түсті.

Өтініш мәніне сәйкес, Алматы қаласының бір мемлекеттік органымен (бұдан әрі — Мемлекеттік орган) мемлекеттік қызметте бос лауазымға орналасуға арналған конкурс өткізу барасында конкурстық комиссия мүшелерімен әңгімелесу қорытындысы бойынша оған сәйкес келмейтін бағалар қойылғанын және осыған байланысты мемлекеттік қызметке кіре алмағанын атап өтті.

Департамент бұл өтінішті жоспардан тыс тексеру жүргізу арқылы қарап, оның нәтижелері бойынша конкурстық комиссияның бір мүшесі баға қоймағаны анықталды.

Осылайша, мемлекеттік орган комиссиясының мүшесі «Б «корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурсты іріктеудің және өткізудің уақытша қағидаларының 130-тармағының баға қою бөлігінде сақталуын қамтамасыз етпегендігі расталды және ол өз кезегінде конкурс нәтижелеріне әсер етуі мүмкін.

Тексеру қорытындысы бойынша департамент «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 58-3-бабының 5-тармағына сәйкес, мемлекеттік органның атына кандидатпен қайта әңгімелесу арқылы бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізді.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде, мемлекеттік қызметшілер Әдеп нормаларын, сондай-ақ мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы бұзуға жол берген жағдайда, азаматтар Мемлекеттік қызмет істері Агенттігіне және оның аумақтық департаменттеріне жүгіне алатының хабарлаймыз.

Ш. Турдуев — ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің бас маманы.

Кассациялық сот – әділ сот төрелігінің жаңа кезеңі

Құқықтық мемлекет құру жолында сот жүйесінің әділдігі мен ашықтығы...

Халықаралық құжат айналымындағы апостиль рөлі

Көпшілік үшін «апостиль» сөзі тек құжат рәсімдеумен байланысты қарапайым...

Аумақтан тыс соттылық – маңызды құқықтық қадам

Қазіргі қоғамда сот жүйесіне деген сенім – құқықтық мемлекетттің...

С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей

Сегодня в Казахстане функционирует более 70 театров, из которых...

Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

Бүгінде Қазақстанда 70-тен астам театр жұмыс істейді, оның 59-ы...