Сот жүйесіндегі өзгерістер уақыт талабы!

Еліміз Тәуелсіздік алған күннен бастап, сот төрелігінің сапасын арттыру және судьялардың мәртебесін көтеру бағытында сот жүйесін жаңғыртуға кірісті. Осы уақыт ішінде еліміздің сот жүйесі бірқатар жетістіктерге қол жеткізді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та Судьялардың ІХ съезі делегаттарының алдында сөйлеген сөзінде «Әділ сот – мемлекеттің берік тірегі, ал, сот билігі – жүргізіліп жатқан құқықтық реформалардың басты байланыстырушы күні», – екенін атап өткен еді. Қазіргі таңда жасалып жатқан барлық өзгерістер мен реформалар, ең алдымен, азаматтардың сот билігіне, судьяларға деген сенімін арттыруға, сондай-ақ, сот төрелігін жүзеге асыру сапасын жақсартуға бағытталған.

Жақында ғана мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында «Заң және тәртіп» – мемлекетіміздің мызғымас тұғыры. Қоғамда осы қағиданы түбегейлі ұқтыру үшін барлық құзырлы органдар арасында ортақ көзқарас пен ортақ ұстаным болуға тиіс. Бұл – ең алдымен, ешқандай құқық бұзушылыққа жол бермеу қағидасы, яғни кез келген заңсыздыққа қарсы тұру деген ұстаным. Сондықтан мемлекеттік органдардың осы бағыттағы жұмысын барынша қолдау қажет. Сонда ғана елімізде құқық бұзушылыққа, озбырлық пен зорлық-зомбылыққа қарсы сана-сезім қалыптасады, қоғамға жат кез келген әрекетке төзбеушілік пайда болады» деп атап өткен болатын. Демек қазіргі таңда құқық қорғау саласында ең алдымен сот жүйесі азаматтардың құқығының жоғары деңгейде қорғалуы үшін барын салуда.

Бұл – Қазақстанда Әділет академиясының, әкімшілік әділеттің құрылуы мен дамуы, кассациялық соттардың енгізілуі, судьяларды іріктеу және басқа да маңызды бастамалардың сәтті жүзеге асырылуының көрінісі. Азаматтар мен бүкіл қоғамның сот төрелігіне деген сенімін арттыру – ең маңызды міндеттердің бірі. Сондықтан, әр судья өз міндеттерін атқарғанда адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау оның қызметінің мәні мен мазмұнын анықтайтынын ескеруі қажет.

Аширбекова Шырайлым Нұрғалиқызы, Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының бас маманы

Кассациялық сот – әділ сот төрелігінің жаңа кезеңі

Құқықтық мемлекет құру жолында сот жүйесінің әділдігі мен ашықтығы...

Халықаралық құжат айналымындағы апостиль рөлі

Көпшілік үшін «апостиль» сөзі тек құжат рәсімдеумен байланысты қарапайым...

Аумақтан тыс соттылық – маңызды құқықтық қадам

Қазіргі қоғамда сот жүйесіне деген сенім – құқықтық мемлекетттің...

С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей

Сегодня в Казахстане функционирует более 70 театров, из которых...

Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

Бүгінде Қазақстанда 70-тен астам театр жұмыс істейді, оның 59-ы...