12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Сот жүйесіндегі сандық технология

Еліміздің сот жүйесі ең алғашқылардың бірі болып сандық технологияға бейімделіп қана қоймай, оның игілігін сезінген салалардың бірі. Әсіресе әлемді жайлаған ковид індеті кезінде карантинге қарамастан сот отырыстарын онлайн жалғастырып әкетіп, сот жүктемесінің дер кезінде шешіліп отыруына ықпал етті. Одан бергі уақытта да сот саласындағы сандық технологияның арқасында көптеген жүйелер автоматтандырылып, салаға халық сенімінің артуына, жемқорлықтың алдын алуға ықпал етті.

Осы орайда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауы, басқа салаларға да сандық технологияның игілігін сезіндуді көздеп отырғанын байқаймыз. Сот саласы үшін сандық технология – жеделдікті арттырудың, ашықтықты қамтамасыз етудің, қағазбастылықтан арылудың, бюрократиялық қарым-қатынасты жоюдың мүмкіндігі. Осы мақсатта ең алғаш сот саласына енгізілген «Төрелік» жүйесі, сот органдарының интернет-порталы, «Сот кабинеті» сервисі – жаңа технологияның алғашқы жемісі. Бұл сервистер азаматтардың сот жүйесіне қолжетімділігін арттырып, уақыты мен қаражатын үнемдеуге, әуре-сарсаңын азайтуға айтарлықтай әсер етті.

Цифрлық технология дегенде 2014 жылдан бері құрылып, жүйелі ақпарат таратып келе жатқан қазақстандық сот органдарының бірыңғай интернет-алаңы sud.gov.kz. сайтын айтпай кетуге болмайды. Осы сайт арқылы тұрғындар сотқа байланысты кез келген ақпаратпен дер кезінде танысып, сот жұмысынан жан-жақты хабардар бола алады. Мұнда тек Жоғарғы Соттың ғана емес, республиканың барлық соттарының жаңалықтары, ерекше қаралған істер, республика деңгейінде өткізілген ауқымды шаралар туралы толыққанды мәліметтер ұсынылып келеді. Сайт оқырмандардан түсетін сұрақтарды да қабылдап, көпшіліктің ұсыныс-тілегіне де барынша ашық. Осы арқылы сот пен халық арасындағы байланыс нығайып, халықтың көкейіндегі сауалдарға үнемі жауап беріліп тұратынын айта кеткеніміз жөн.

Алдағы уақытта сот жүйесін роботтандыру бойынша да іргелі бастамалар қолға алынуда. Мұның барлығы сот жұмысын жеңілдетіп, сот актілерінің сапасын арттырарына күмән жоқ.

К.М. Мекемтас, Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының төрағасы

Тәуелсіз сот – құқықтық мемлекеттің конституциялық негізі

Тәуелсіз сот – құқықтық мемлекет қағидаттарының ажырамас бөлігі және...

Судья болу – мәртебелі міндет

Судья болу – мәртебелі міндет. Судьялықтан үміткерлерге қойылатын талаптың...

Сыбайлас жемқорлықтан ешбір ел сақтандырылмаған

Сыбайлас жемқорлық – әлем халықтарына ортақ кесел. Бұл індет...

Сот жүйесінің жаңашылдықтары

Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы құқықты және әлеуметтік мемлекет»...

«Сот төрелігінің маңызды бағытының бірі – бітімгершілік»

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының құқықтық саясатында сот жүктемесін азайту,...