30.10.2025 Тіл – тұрақтылық кепілі 1 FacebookVKWhatsAppTelegram Халқымыздың біртуар жазушысы Мұхтар Әуезовтің «Біздің заманда өз тілін, әдебиетін білмейтін, бағаламаған адамды толыққанды зиялы деп санауға болмайды. Өйткені, олар қандай мамандық болса да, рухани жағынан біржақты азамат болып қала береді» деген қанатты сөзі бар. Бұл бекер айтылмаған. Өйткені, қоғамымызда өз тілін білмейтін замандастарымыз жетерлік. Осы мәселені қазақ тіліне қатысты айтар болсақ, Үкіметіміз мемлекеттік тілді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекітті. Тұжырымдамадан қазақ тілінің, яғни, мемлекеттік тілдің мәртебесін жоғарылату, қолданыс аясын кеңейту, өз тұғырына қондыру шараларын көруге болады. Себебі, қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде Конституциямен бектілгеніне отыз жылдан асуы бұл мәселені өзекті мәселелер қатарынан алып тастау қажеттігін айқындайды. Оған аталған тұжырымдамада«Мемлекеттік тіл — мемлекеттік қызметтің негізгі жұмыс тіліне айналады» деп нақты көрсетілуі дәлел. Тіл халқымыздың өткені, бүгіні және болашағы. Кең байтақ даламыз қандай кең болса, қазақ тілінің де сөздік қоры сондай кең. Қазақстанда тұратын әрбір этнос өкілінің өз ана тілімен қатар, мемлекеттік тілді меңгеруі және еркін сөйлеуі үшін барлық жағдай жасалған. Ешкімге тілдік шектеу жоқ, дегенмен, әр азамат өзі өсіп-өніп отырған мемлекеттің тілін құрметтеуге міндетті. Өйткені, қазақ тілі қазақстандықтардың бірлігін арттырып, татулығын нығайтуда маңызды рөлге ие. Халқымыз «Өсер ел, алдымен, тілін қадірлейді» десе, хакім Абай «Өзге халықтың тілін, мәдениетін білген адамды сол халықпен тең етеді» – деген. Ал Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Тіл – ұлттың іргетасы, ұрпақ тіршілігі» деп, мемлекеттік тілді төлқұжатқа теңеді. Осы сөздер мемлекеттік тілді білмейтін және сөйлегісі келмейтіндерге ой салуы керек. Қазақ халқының мәдениеті мен салт-дәстүрінің, тілінің ұлықталуына, мемлекеттік тілдің өз биігіне көтерілуіне алдымен өзіміз атсалысуымыз керек. Оның жалғыз жолы бір-бірімізбен қазақша сөйлесу. Мысалы, сотқа талап арызды мемлекеттік тілде жазсаңыз құқығыңыздың осы тілде қорғалуына атсалысып, сол арқылы мемлекеттік тілдің қолданыс аясының одан әрі кеңеюіне үлес қосасыз. Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруда соттар тарапынан атқарылып жатқан шаралар аз емес. Сот құжаттары түгелдей қазақ тілінде жүргізіледі. Судьялар да, сот мамандары да мемлекеттік тілді біледі. Маңғыстау қазақи өңір болғандықтан, тілдік тұрғыда көп мәселе туындамайды. Дегенмен, мемлекеттік тіл еліміздің барлық аумағында өз орнын алып, оны дамытуда қазақстандықтар жаппай белсенділік танытулары тиіс. Сонда ғана біз қазақ тілін әлем жұртшылығына танытып, сол арқылы өзіміздің Қазақстан Республикасының азаматы екенімізді көрсете аламыз. Айнұр Қызылбаева, Ақтау қалалық сотының төрағасы Маңғыстау облысы Судья мінбері | Судебная система Бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманың бұзылуын тергеп-тексеру және әкімшілік істерге дау айту мәселелері 24.10.2025 0 Қазақстан Республикасының нарықтық экономикасы еркін бәсекелестік қағидаларына негізделген. Бәсекелестікті... Судья мінбері | Судебная система УМЕНЬШАЯ ВОЗНИКНОВЕНИЕ СПОРОВ В СУДЕ 24.10.2025 0 5 апреля 2023 года в гл. 5 Земельного кодекса... Судья мінбері | Судебная система Лудомания (ойынқұмарлық) – қоғам мен жеке тұлғаға қауіпті дерт 23.10.2025 0 Қазіргі таңда қоғамымызда кеңінен таралып келе жатқан әлеуметтік мәселелердің... Судья мінбері | Судебная система Кассация – әділ сот төрелігінің кепілі 20.10.2025 0 Қазақстан Республикасының сот жүйесі бірнеше сатыдан тұрады. Оның ішінде... Судья мінбері | Судебная система Сот жүйесіндегі жаңашылдықтар 16.10.2025 0 Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының сот жүйесі қоғам мен мемлекеттің...