«Сот кабинеті» ақпараттық сервисінің жаңашылдықтары

2014 жылы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты өзінің (www.sud.kz)  ресми сайтында онлайн сервистерге және сот органдарының қызмет көрсетулеріне қолжетімділіктің жалғыз терезесі болып табылатын «Сот кабинеті» электрондық жобасын іске қосты.

«Сот кабинеті» сервисі қағазсыз электрондық құжат айналымы болып табылады.

«Сот кабинеті» сервисінің қағаз түрінен ерекшелігі электрондық нысанда талап қоюлар, сот хаттамасын беру туралы арызды, хаттамаға ескерту-арызды беруге, берілген талап бойынша қосымжа құжаттар жіберуге электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып, электрондық қадағалау іс жүргізуіне қолжетімділікті қамтамасыз етуге, сондай-ақ пайдаланушыға ыңғайлы кез-келген орындағы интернет желісі арқылы мемлекеттік баж салығын онлайн режимде төлеуге берілген мүмкіндік болып табылады және осы жүйемен берілген барлық талаптар бойынша талап қоюшы оның сот өндірісіндегі қозғалысын көріп біліп отыру мүмкіндігі бар.

«Сот кабинеті» ақпараттық сервисі онлайн-сервистерге және сот органдарының қызметіне қол жеткізудің бірыңғай терезесі, сот жүйесінің органдары мен халықтың өзара әрекеттестігі бойынша оң нәтижесін беруде.

Сотқа арыздарды, өтінішхаттарды, талап қоюды беру механизмін жеңілдетуге, азаматтардың уақытын үнемдеуге, сот жүйесінің ашықтығы мен қолжетімділігіне, сонымен бірге сот іс жүргізуін электронды цифрлық қол таңба арқылы электрондық әрекеттесу бойынша жеңілдетуге бағытталған.

«Сот ісін жүргізу» қызмет көрсетуі азаматтық, қылмыстық, әкімшілік құқық бұзушылық және әкімшілік сот ісін жүргізу құқығы салалары бойынша бөліктерді қамтыған, ол тәжірибесі жоқ пайдаланушыға заңдық кеңес алмай-ақ сервисті пайдалану мүкіндігін ұсынады. Құқықтың әрбір саласында тиісті электрондық қызмет көрсетулер бар.

«Менің істерім» деген бөлімде пайдаланушы жіберген электрондық арыздар туралы ақпаратты қарау және істі қарау барысының мүмкіндігі жеңілдетілген. Пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін енді бірінші, апелляциялық және кассациялық сатылардағы ақпаратты қарау және істі қарау барысы бір жерде іске асырылған, пайдаланушы тиісті сілтемені баса отырып, барлық сатыдағы өз ісінің қозғалысының тұтас процесін қарай алады.

Қазақстан Республикасының сот жүйесіне заманауи электрондық технологияларды енгізу халықтың сот төрелігіне қолжетімділік деңгейін елеулі түрде көтеруге мүмкіндік берді.

«Сот кабинеті» сервисі біртіндеп қағаз құжат айналымынан бас тартуға, ол өз кезегінде соттарда электрондық сот ісін жүргізудің жаңа сатысына көшуге мүмкіндік береді.

Аян АЛТЫНБАЕВ, Жалағаш аудандық сотының Әкімші басшысы, «Қызылорда облыстық судьялар Одағының мүшесі»

Диагностиканың жаңа деңгейі: Қонаевта бактериологиялық зертхана ашылды

Қонаев қаласының көпсалалы ауруханасында заманауи бактериологиялық зертхана өз жұмысын...

Новый уровень диагностики: в Конаеве открылась бактериологическая лаборатория

В Многопрофильной больнице города Қонаев начала работу современная бактериологическая...

Су қорының жері жекеменшікке берілмейді

         Алматы облысы жер ресурстарын басқару департаментінің жауапкер «AL-agro...

ПРЕЖДЕ ЧЕМ СКАЗАТЬ «ДА», НУЖЕН ЛИ БУДУЩИМ СУПРУГАМ «СЕМЕЙНЫЙ ПРАВОВОЙ МИНИМУМ»?

Семья начинается с чувств. Ответственность за семью должна начинаться...

Безопасность на дорогах — обязанность ответственных организаций

Специализированным межрайонным административным судом Туркестанской области рассмотрено дело, касающееся...