12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Детектив жанрының басты қолдаушысы – сот ұжымы

«Заң» Медиа-корпорациясының» тікелей ұйымдастыруымен қолға алынған Кемел Тоқаев атындағы республикалық детектив шығармалар байқауы сегізінші белесін бағындырды. Биылғы байқау жүлдегерлері қасиетті Тараз жерінде марапатталды.

Жас детектившілер қатарын көбейту, сол арқылы қазақ әдебиетінде көңіл бөлінбей қалған детектив жанрын көркейту мақсатында қолға алынған шараны Қазақстан соттары тұрақты түрде қолдап келеді.

Тарихты еске алсақ, 2018 жылы байқаудың алғашқы қарлығаштары  Алматы қалалық сотында марапатталды. Бұл ретте ғалым-судья, қалалық соттың сол кездегі төрағасы Нұрғазы Әбдіқановқа, сондай-ақ, баспасөз қызметінің басшысы болған Бауыржан Ахметовке алғысымыз шексіз. Жаңадан ұйымдастырылған шараның жалғасты болуына алғаш рет қолдау көрсетіп, демеген де Алматы қалалық сотының ұжымы болатын. Байқауға екі жыл қатарынан қолдау білдірген Нұрғазы Әбенұлы қала соттары қараған резонансты істерді мұрағаттан алдыртуға көмек беріп, олардың детектившілер қаламына арқау болуына септігін тигізді.   

Алматы қалалық сотының игі ісін Қазақстанның сот саласының дамуында өзіндік қолтаңбасы бар судья, Түркістан облыстық сотының экс-төрағасы Тұрысбек Мыятбеков одан әрі жалғастырып, байқау шоқтығын жоғары деңгейге көтерді. 

Төрағаның бастаған істі жоғары деңгейге жеткізбей тынбайтын талапшылдығы, еңбекқорлығы, ұйымдастыру шеберлігі осы шара барысында да анық байқалды. 2021 жылғы доданың қорытындысы киелі Түркістанда шығарылды. Тұрысбек Ерболғанұлының қолдауымен өткен байқауда облыстық соттың судьялары өздері қарап-шешкен шулы істерді қаламгерлерге арнайы беріп, детектившілер оларды шығарма өзегіне айналдырды.  Айтып өтерлігі, бұл шығармалар топтасқан кітап дайын тұр, алдағы уақытта жарыққа шығып, оқырман бағасын алары анық. Ең бастысы, Тұрысбек Ерболғанұлы детектив байқауын тек Алматыда өткізе бермей, елімізің әр өңірінде ұйымдастырудың тиімділігін, пайдасын өз тәжірибесінде дәлелдеп берді. Бұл шын мәнінде еліміздің түкпір-түкпірінен келген жүлдегерлерге әр аймақтың дамуын, ішкі туризмін насихаттаудың, детектив шеберлерін марапаттау арқылы аймақ халқының жанрға деген қызығушылығын арттырудың тамаша мүмкіндігі еді. 

Қазақ детективінің көшбасшысы Кемел Тоқаев атындағы детектив байқауын жыл сайын еліміздің әр өңірінде өткізу бұл күнде дәстүрге айналды. Мысалы, байқау 2022 жылы Қызылордада, 2023 жылы Талдықорғанда, 2024 жылы Шымкентте, ал биыл Тараз қаласында өтті. Байқау жүлдегерлерін марапаттау салтанатынан өңір соттары ешуақытта қалыс қалған емес.

Бұл тұрғыда Қызылорда облыстық сотының төрағасы Әділхади Шығамбаев, Жетісу облыстық сотының төрағасы Ерлік Кененбаев, Шымкент қалалық сотының төрағасы Әділхан Шайхисламов, Жамбыл облыстық сотының төрағасы Ербол Ахметжанов, Жамбыл облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрмұхаммат Әбидов, облыстық соттың әкімшілік істер жөніндегі алқа төрағасы Самат Тауасаров пен Байзақ аудандық сотының төрағасы Досжан Төленбековтің есімдерін айрықша атағымыз келеді. Жүлделі орындарға ұсынылған шығармалармен танысқан соттар жеңімпаздарға өздерінің арнайы сыйлықтарын тағайындады. Бұл, әрине, қазақ әдебиетіне, оның ішінде детективіне деген шынайы жанашырлық пен құрметтің белгісі.

Соттар – әділдік жаршысы, қоғамымызда заң үстемдігін қамтамасыз ету міндеті жүктелген бірден-бір билік өкілдері. Сондықтан, олардың өз жұмыстарына тікелей қатысы бар детектив жанрының өркен жаюына немқұрайдылық танытпауы кімді де болса қуантары хақ. 

 

Кемел Тоқаев атындағы детектив байқауына, детектившілерге  ұдайы қолдау көрсетіп, әрқашан қасымыздан табылып келе жатқан соттар ұжымына ризашылығымызды білдіреміз. Алдағы уақытта да байқау жеңімпаздары қазылар қауымының қолдауынан кенде қалмайтынына бек сенімдіміз.

Түймегүл Ибашева,

«Заң газеті»

Сот көші-қон ережелерін бұзған шетел азаматын елден шығару туралы шешім қабылдады

Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласы мамандандырылған әкімшілік құқық бұзушылықтар...

Алматы облысында дәрігерлер 825 грамм болып туған сәбиді аман алып қалды

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасында салмағы небәрі 825 грамм, жүктіліктің...

СПАСЕНИЕ МАЛЕНЬКОЙ ЖИЗНИ. ИСТОРИЯ РАННЕГО ЧУДА

В Алматинской многопрофильной клинической больнице произошла трогательная история спасения...

СОТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЦИФРЛАНДЫРУ: ӘДІЛЕТКЕ ҚОЛЖЕТІМДІЛІК ПЕН АШЫҚТЫҚҚА ЖОЛ

Қазіргі таңда әлемдік тәжірибеде сот жүйесін цифрландыру — әділ сот төрелігіне қолжетімділікті арттырудың басты тетігі ретінде қарастырылады. Қазақстан да бұл бағытта қарқынды қадамдар жасап келеді. Электрондық сот ісін жүргізу – цифрландырудың негізгі жетістігі. "Төрелік", "Сот кабинеті", "Е-апелляция", "Е-қылмыстық іс" сияқты электронды платформалар азаматтар мен заңды тұлғаларға сот процесіне қашықтан қатысуға, құжаттарды онлайн тапсыруға мүмкіндік береді. Бұл уақыт үнемдеуге, бюрократиялық кедергілерді азайтуға ықпал етеді. "Сот кабинеті" сервисі арқылы пайдаланушылар: - талап арыздар мен өтініштерді онлайн бере алады; - істің мәртебесін қадағалап отырады; - сот актілерін жүктей алады; - онлайн түрде тыңдауға қатыса алады. Артықшылықтары: - Жылдамдық және тиімділік; - Ашықтық пен айқындық; - Адам факторын азайту; - Құжат айналымын оңтайландыру. Цифрландыру сондай-ақ...

Алқабилер соты: Қоғамның әділ сотқа қатысуының кепілі

Алқабилер соты — азаматтардың сот төрелігіне тікелей қатысуын қамтамасыз ететін ерекше сот институты. Бұл жүйе — қоғам мен мемлекеттік сот билігі арасындағы көпір іспетті. Қазақстан Республикасында алқабилер соты 2007 жылдан бастап енгізілген. Оның мақсаты – сот үдерісінің ашықтығы мен әділеттілігін арттыру, халықтың сотқа деген сенімін күшейту. Алқаби болу талаптары: - 25 жасқа толған ҚР азаматы;   - Соттылығы жоқ;   - Психикалық немесе басқа ауыр сырқатпен есепте тұрмайтын;   - Мемлекеттік қызметте немесе құқық қорғау органдарында жұмыс істемейтін тұлға болуы қажет. Алқабилер соты — азаматтық қоғамның дамуы мен сот билігінің ашықтығының көрсеткіші. Бұл жүйе халықтың сот төрелігіне деген сенімін арттырып, әділдік салтанат құруына жол ашады. Сондықтан алқабилер институтын жетілдіру — заң үстемдігін қамтамасыз етудің маңызды бағыты. Алқабилер соты – бұл демократиялық мемлекеттің басты белгілерінің бірі ретінде танылатын, халықтың сот төрелігіне тікелей қатысуының ерекше нысаны. Қазақстанда бұл институт алғаш рет 2007 жылы Қылмыстық-процестік кодекске енгізіліп, қазіргі таңда қылмыстық істердің белгілі бір санаттары бойынша қолданылады. Алқабилер тек соттың бір бөлігі ретінде емес, әділ сот төрелігін жүзеге асырушы құрам ретінде маңызды рөл атқарады. Олар кәсіби судьялармен қатар отырып, істің мән-жайын зерттейді, тараптардың дәлелдерін тыңдайды және дауыс беру арқылы айыпталушының кінәлі немесе кінәсіз екенін анықтайды....