12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Сот отырысына қатысушылардың мәдениеті

Сот отырысындағы тәртіп процесстік нормаларды нақты сақтау арқылы, сондай-ақ барлық сот отырысына қатысушылардың сот әдебі нормаларын сақталуымен (соттың; іске қатысушы адамдардың; іске басқа да қатысушылардың) қол жеткізіледі. Сот талқылауының жалпы шарттарына заңмен анықталған сотты құрметтеу және істі қолайлы қарау мүмкіндігін қамтамасыз ететін сот отырысының тәртібі жатады.
Сот отырысындағы тәртіпті сақтау төрағалық етуші судьяға жүктеледі. Сот талқылауына басшылығын жүзеге асыра, тиісті процесті ұйымдастырады және қамтамасыз етеді.
Сот процесінің мәдениеті – судьялардың және сот мамандарының, іске қатысушы адамдардың, сонымен қатар процеске қатысушы басқа да тұлғалардың заң талаптарын мүлтіксіз сақталуында.
Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 187-бабына сәйкес сот отырысындағы тәртіпте судья сот отырысы залына кiрген кезде залдағы қатысып отырған адамдар орындарынан тұрады. Шешiм шығармай аяқталатын істегі сот шешiмiн немесе ұйғарымын сот отырысы залында қатысып отырғандар түрегеп тұрып тыңдайды. Түсініктемелер мен айғақтарды, сұрақтар мен оларға жауаптарды процеске қатысушылар төрағалық етушінің рұқсатымен түрегеп тұрып береді. Бұл қағидадан ауытқуға төрағалық етушiнiң рұқсатымен ғана жол берілуі мүмкiн. Іске қатысатын адамдар, сондай-ақ сот отырысы залында қатысып отырған азаматтар сот отырысы залындағы тәртіпті сақтауға міндетті делінген.
Iстi талқылау кезiнде тәртiпті бұзған адамға төрағалық етушi соттың атынан ескерту жасайды. Тәртiптi қайталап бұзған жағдайда iске қатысатын адам сот отырысының хаттамасына енгізілетін сот ұйғарымы бойынша сот талқылауының барлық уақытына немесе оның бiр бөлiгiне сот отырысы залынан шығарып жiберiлуi мүмкiн.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 127 бабының 4 бөлігінде соттың талабын, сұрау салуын орындамағаны, әкімшілік іске қатысушы адамның сотқа келмегені, сотқа уақтылы хабарламағаны, кері қайтарып алуды уақтылы бермегені, сот отырысында төрағалық етушінің өкімдеріне бағынбағаны, сотта белгіленген қағидаларды бұзғаны, сондай-ақ сотты және (немесе) судьяны құрметтемегені туралы анық куәландыратын өзге де әрекеттер (әрекетсіздік) үшін сот жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ақшалай өндіріп алуды қолдануға құқылы.
Осы баптың үшінші және төртінші бөліктерінде көрсетілген сот актісін немесе соттың талаптарын орындамаған кезде сот тұлғаға он айлық есептік көрсеткішке ұлғайтылған мөлшерде қайтадан ақшалай өндіріп алуды қолдануға құқылы.
Бұл шаралар процесті тиімді және уақтылы өткізуге, әкімшілік істерді қарау тәртібін сақтауға, сондай-ақ жария-құқықтық қатынастарда заңдылықты нығайтуға бағытталған.

Баяндалғанның негізінде, барлық азаматтарды сот ғимаратында болғанда мәдениетті сақтауға және өздерін тәртіпті ұстауға, сот шақыруына уақытында келуге, сот процесіне қатысушылар мен сот ұжымына лайықты құрметпен қарауға бағыттаймын.

Қостанай облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты
әкімшісінің басшысы
Капешова Арайлым Жомартовна

Жабық сот отырысын жүргізу тәртібі

Республикамызда азаматтық заңдар тәртібіне сәйкес, азаматтық істер барлық сот...

«Жалған» анықтама: Алматылық тұрғын тергеуді әділетсіз деп айыптап отыр

Алматы тұрғыны көршісімен болған төбелестен кейін қылмыстық іске тартылып,...

Алқабилердің қатысуымен қаралатын қылмыстық істердің санаттары мен алқабилер алқасының құрылу процесі

           Қолданыстағы заңнамаға сәйкес сот алқабилердің қатысуымен аса ауыр...

Ел мерейін асырған жас заңгерлер

2025 жылдың 25 қазан күні елордамыз — Астана қаласында...

Тазалық — мәдениеттің айнасы

2025 жылдың 11 қазан күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық...