Алматыдағы ипподромның орнына тұрғын үй салынғалы жатыр ма?

Әлеуметтік желіде Алматыдағы 90 жылдық тарихы бар ипподромның орнына тұрғын үй кешені салынғалы жатқаны туралы ақпарат тарады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі Massaget.kz-ке осы жайтқа қатысты пікір білдірді.

«Тарихи ипподром аумағында ешқандай құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан жоқ, сондай-ақ, тұрғын үй немесе коммерциялық нысандар салу жоспары да жоқ. Ипподром бұрынғыдай жұмыс істеп тұр, онда ат спорты жарыстары өткізіліп, ұлттық спорт түрлерін дамыту ісі жалғасып келеді», — деді «Тенгри Инвест» ЖШС директоры Ержан Майлыбаев.

Алматы әкімдігі де бұл ақпарат негізсіз екенін растап отыр.

«Егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес бұл аумақ ипподром ретінде бекітілген, оны бұзу жөнінде ешқандай рұқсат берілген жоқ», — деді әкімдік өкілі.

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.