12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ЦИФРЛЫ ИННОВАЦИЯ МЕН ҚҰҚЫҚТЫҚСАНАНЫҢ ЖАҢА ҚАҒИДАТЫ

Қоғам дамуының жаңа парағын ашқан заманда әр қала тек өндіріс пен экономиканың емес, білім мен инновацияның орталығына айналып келетінін қарапайым халықтың бәрі де байқап келеді. Бұл бағытта Шымкент қаласы еліміздің цифрлы трансформациясының көшбасшысы атанып, тек экономикалық емес, құқықтық мәдениетті жаңаша қалыптастырудың да жарқын үлгісін көрсетіп отыр. Мұнда «қауіпсіз қоғам» ұғымы тек құқық қорғау жүйесімен шектелмейді. Ол – заң үстемдігі мен технологияның үйлесімі, құқықтық сана мен цифрлық мәдениеттің тоғысына айналып отыр десек артық айтпаймыз.

Осы идеяны жүзеге асырып отыр ған маңызды бастамалардың бірі – «Shymkent Hub» инновациялық технопаркі. Бұл орталық 2024 жылы Astana Hub жүйесінің құрамында ашылып, бар-жоғы бір жыл ішінде еліміздің үшінші мегаполисін IT-инновация мен стартап мəдениетінің аймақтық драйверіне дейінгі ауқымды кеңістікті қамтып отыр. Идеядан – іске, арманнан – нәтижеге Shymkent Hub – бүгінгі таңда Оңтүстік Қазақстандағы жас стартаперлердің, талантты инженерлер мен IT-мамандардың орталығына айналғанын атап өткен жөн. Мұнда əрбір идеяға дем беріліп, əрбір жоба нақты өнімге айналады. Бір жыл ішінде ондаған жас өз жобасын тіркеп, инновациялық өнім жасап шығарды. Олардың қатарында медицинаға арналған жасанды интеллект ассистенті, балаларға арналған робототехника жобалары, ақылды құрылғылар мен финтех шешімдері бар. Технопарк қызметі инновацияларды енгізу жəне цифрландыру бағытына толық сай келеді. Өйткені мұнда цифрлы даму тек техникалық ұғым емес, ол – қоғамның ойлау жүйесін жаңғыртатын мəдени құбылыс. Shymkent Hub-тың аймақтық менеджері Құрманғазы Мұратов жүзеге асырылып жатқан цифрландыру бағдарламаларының жастардың жеке тұлға ретінде дамуына сондай-ақ өзінің тың идеяларын іс жүзінде жүзеге асыруға зор мүмкіндік екенін атап өтті. – Біздің басты миссия – жастарды инновация арқылы шабыттандыру. Əр жоба қоғамның нақты мəселесін шешуге бағытталған. Технология тек құрал емес, ол – дамудың да жауапкершілігі, – дейді Құрманғазы Мұратов. 

Стартап мәдениеті – құқықтың сананың жаңа өлшемі

Технологиялық ортада қалыптасқан жауапкершілік, адалдық жəне ашықтық қағидаттары — құқықтық мəдениеттің де өзегі десек артық айтқандық болмас. Shymkent Hub-та жүзеге асып жатқан Robopark, Intelab, Cyber Briks сияқты əлеуметтік жобалар қоғамға пайда əкелуді мақсат етеді. Бұл – азаматтық жауапкершіліктің, заңға құрметтің, əділеттілікке ұмтылыстың айқын көрінісі екені даусыз. Мұндай бастамалар мемлекеттің «Қауіпсіз қоғам» жəне «Қауіпсіз ел» ұлттық жобаларымен үндесіп келеді. Өйткені цифрлық мəдениет пен құқықтық сана қатар дамығанда ғана қоғамда заңға бағыну мəдениеті артады.

Инновациялар – қауіпсіздіктің кепілі

Бүгінгі таңда Шымкент қаласында құқық қорғау органдары жасанды интеллект, бейнебақылау жүйелері, смарт-талдау платформалары сияқты заманауи құралдарды жұмыс жүйелерінде белсенді қолданысқа енгізген. Полиция департаментінің жедел басқару орталығы қаладағы мыңдаған камерадан келетін деректерді талдап, қылмыстың алдын алуға мүмкіндік беріп отыр. Бұл – цифрлық шешімдер мен құқықтық саясаттың үйлесімінің айқын көрінісі. Инновациялар тек қылмыспен күресте ғана емес, құқықтық сананы қалыптастыруда, азаматтардың полицияға сенімін арттыруда да шешуші рөл атқарып келеді. Криминалдық полицияның табысты тəжірибесі мен Shymkent Hub-тың технологиялық бастамалары бірігіп, қауіпсіз жəне цифрлы Шымкенттің жаңа моделін қалыптастыруға негіз болған.

Білім мен цифрландыру – ел тірегі

Shymkent Hub тек стартап орталығы емес, ол – білім мен құқықтық мəдениетті ұштастыратын интеллектуалды кеңістік екенін атап өткен жөн. Мұнда апта сайын тəжірибелі кəсіпкерлер мен заңгерлер жастарға арналған кездесулер өткізіп, «жауапкершілік» пен «заңды бизнес жүргізудің» мəдениетін үйретеді. Ал Robopark базасында балалар инженерлік ойлау мен командалық жұмыс дағдыларын дамытады – бұл болашақта саналы, құқыққа құрметпен қарайтын ұрпақтың қалыптасуына негіз болады. Технопарк аясында өткен Pizza Pitch сияқты шығармашылық форматтар да ерекше нəтиже беріп отыр. Мұнда жастар өз идеяларын еркін ортада ұсынып, қоғамға пайдалы əлеуметтік жобаларды таныстырады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, цифрландыру – экономикалық өсудің ғана емес, мемлекеттік басқарудағы ашықтық пен заң үстемдігінің кепілі ретінде де өзін толықтай бекітіп үлгерді. Осы бағытта Шымкент қаласында «Цифрландыру жəне инновацияларды енгізу» жобалары жүзеге асырылып жатыр. Astana Hub пен Shymkent Hub арасындағы серіктестік – өңірлік инновациялық инфрақұрылымның нақты үлгісіне айналған. Мұндай бастамалар құқық қорғау саласында да өз жемісін беруде: электронды өтініштер, онлайн-бақылау жүйелері, жасанды интеллект арқылы сараптау – мұның бəрі əділдік пен ашықтықты арттыруға бағытталған.

Бүгінгі Шымкент – заң үстемдігіне, əділеттілік пен қауіпсіздік қағидатына негізделген цифрлы мегаполиске айналып отыр. Мұнда Shymkent Hub сынды инновациялық орталықтар мен Полиция департаментінің жаңа форматтағы жұмысы бір мақсатқа тоғысып отыр. Мұндағы негізгі мақсат – құқықтық мəдениеті жоғары, қауіпсіздігі берік, инновацияға ашық қоғам құруға негізделіп отыр. Бұл – тек технологиялық немесе құқықтық реформа емес, жаңа қоғамдық сана қалыптастырудың да үлгісіне айналғанының айқын көрінісі. Инновация мен құқықтық тəртіптің үйлесімі – Қазақстанның болашағын айқындайтын басты бағыттардың бірі екені даусыз.

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ

№75 мекемесінің жеке құрамы Халық қаһарманы Ғазиз Байтасов туралы фильмді тамашалады

Атырау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті №75 мекемесінің жеке...

На принципах равенства

СЕМЕЙНЫЕ КОНФЛИКТЫ ПРОИСХОДЯТ МЕЖДУ ЧЛЕНАМИ СЕМЬИ. ОНИ ВОЗНИКАЮТ, КОГДА...

Пранк – это не шутка! 

Депутат Мажилиса Нартай Сарсенгалиев, обращаясь с запросом к министру...

Донести важные истины

В г. Шымкенте активизировалось межведомственное сотрудничество по работе, направленной...

Удобный цифровой сервис

Внедрение системы E-апостиль в Казахстане стало новым и важным...