12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ҚЫТАЙ ТӘЖІРИБЕСІ ЖӘНЕЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР

Цифрлық трансформация – заманауи қоғамның табысты даму кепілі десек артық айтпаспыз. Өйткені, қазіргі әлемдік жаһандану заманында осы үдерістің алдыңғы шебінде болу – өркениет көшін бастауға жол ашпақ. Бұл тұрғыда Шымкент қаласы да шет қалмай, халықаралық деңгейде өз бағытын айқындап келеді. Жуырда Шымкент қаласының цифрландыру басқармасының басшысы Мұрат Кемелов Қытайдың Ханчжоу қаласына арнайы іс-сапармен барып, озық тәжірибелермен танысып қайтты. Бұл сапар жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын, болашақтың цифрлық бейнесін жақындататын маңызды қадамға айналды…

ХАНЧЖОУ – ЦИФРЛЫҚ ӘЛЕМНІҢ ЖҮРЕГІ

Қытайдың Ханчжоу қаласы бүгінде төрткүл дүниедегі цифрлық экономиканың айнасына айналған, технологиялық инновациялар орталығы ретінде əлемге танылған алып мегаполистердің бірі. Халқы 12 миллионнан асатын бұл шаһар-да Alibaba Group, Huawei, Hikvision, Dahua Technology сынды алпауыт компаниялар шоғырланған. Ханчжоу – жасанды интеллект пен смарт технологиялардың, цифрлық платформалар мен интеллектуалды экожүйелердің сынақ алаңы деуге болады. Қалада өткен 4-ші Дүниежүзілік цифрлық сауда көрмесі (Global Digital Trade Expo, GDTE) – осы жетістіктердің шоғырланған көрінісі екені даусыз. Аталған көрме аясында Шымкент делегациясы да арнайы барып цифр лық сауда, жасанды интеллект, смарт инфрақұрылым, электрондық коммерция бағытындағы соңғы инновациялық шешімдермен танысты. Көрмеде Huawei, Alibaba, Hikvision, Dahua Technology сынды алдыңғы қатарлы компаниялар өздерінің Smart City, қоғамдық қауіпсіздік, бейнеаналитика жəне цифрлық интеграцияға арналған жобаларын көпшілік назарына ұсынды.

ША ҢЫРАҚТАН ШАНХАЙА ДЕЙІНГІ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Іссапар барысында Шымкент қаласының цифрландыру басқармасының басшысы Мұхит Кемелов Hikvision жəне Dahua Technology компанияларымен екіжақты ынтымақтастық жөнінде келісімдерге қол қойды. Бұл келісімдер Шымкенттің цифрлық даму бағытына тың серпін берері сөзсіз. Hikvision компаниясы өз кезегінде бейнебақылау жүйелері мен жасанды интеллектке негізделген қауіпсіздік технологияларын ұсынды. Компанияның «Қауіпсіз қала» жобасына арналған интеллектуалды шешімдері қала қауіпсіздігін жаңа деңгейге көтеруге бағытталыпты. Ал Dahua Technology компаниясы смарт инфрақұрылым, көлік жүйесін интеллектуалды басқару, бейнеаналитика мен қоғамдық қауіпсіздік салаларындағы өз тəжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар қалаларды цифрландыру, деректерді интеграциялау, тұрғындардың өмір сапасын арттыру бойынша да бірлескен бірқатар жобаларды жүзеге асыруға ниет білдірді.

ЦИФРЛЫҚ ҚАЛА – ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМ НЕГІЗІ

Шымкенттік арнайы делегацияның бұл сапар аясында көрген, танысқан технологиялық шешімдері тек цифрландыру жаңашылдықтарымен шектелмегенін атап өткен жөн. Атап айтқанда, «Қауіпсіз қоғам» қағидаттарын нақты іске асырудың бірден-бір жолына бағытталған жобалар да көпшіліктің назарына ұсынылған. Жалпы, цифрлық технологиялардың бүгінде құқықтық мəдениетті қалыптастыру, заң үстемдігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтарға «нөлдік төзімділік» саясатын жүзеге асыру бағытында да кеңінен қолданылуы осы цифрлық мүмкіндіктермен тығыз байланысты екені сөзсіз. Заманауи бейнебақылау, интеллектуалды деректер базасы, интеграцияланған ақпараттық жүйелер өз кезегінде құқық қорғау жəне арнайы органдардың жұмысын жеңілдетіп қана қоймай, тұрғындардың құқықтық санасын арттыруға ықпал ететін пəрменді құралға айналған. Бұл – азаматтық жауапкершілікті арттыру, тəртіпке бағыну, қоғамда əділеттілік пен қауіпсіздік орнату жолындағы маңызды бастама болып отыр.

ҰЛТТЫҚ ЖОБАЛАРМЕН ҮЙЛЕСІМ

Шырайлы шымқалада жүзеге асырылып жатқан «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасы, құқықтық сана мен тəртіпті қалыптастыру, құқық бұзушылықтарға қарсы қоғамдық иммунитетті күшейту секілді мемлекеттік бастамалар қазіргі цифрлық жүйелер арқылы жаңа белеске көтеріліп келе жатқанын атап өткен жөн. Ал «Цифрландыру жəне инновацияларды енгізу» бағыты аясында атқарылып жатқан жұмыстар – бұл инновациялық инфрақұрылым құру, жасанды интеллектті енгізу, ІТ-технологиялар арқылы қаланың өмір сүру сапасын арттыру жолындағы жүйелі əрі нақты қадам болып отыр. Аталған бағытта жүргізіліп жатқан ақпараттық түсіндіру, халықпен кері байланыс орнату, сананы жаңғырту бағытындағы жұмыстар – мемлекеттік тапсырысты сапалы орындаудың айғағы.

P.S. Шымкент қаласының цифрландыру саласында жасап жатқан нақты қадамдары – қаланың дамуына, азаматтардың əл-ауқаты мен қауіпсіздігіне тікелей əсер ететін маңызды көрсеткіш болатыны айқын. Қытайдың тəжірибесімен танысу арқылы халықаралық серіктестермен бірлесіп жүзеге асатын болашақ жобалар Шымкентті цифрлық трансформацияның үлгілі қаласына айналдырары сөзсіз. Ханчжоу сапары – жай ғана іссапар емес, ол – технологиялық өрлеу жолындағы маңызды бетбұрыс, инновация мен ынтымақтастықтың бастауы.

Майра ТОҚАНОВА ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ

№75 мекемесінің жеке құрамы Халық қаһарманы Ғазиз Байтасов туралы фильмді тамашалады

Атырау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті №75 мекемесінің жеке...

На принципах равенства

СЕМЕЙНЫЕ КОНФЛИКТЫ ПРОИСХОДЯТ МЕЖДУ ЧЛЕНАМИ СЕМЬИ. ОНИ ВОЗНИКАЮТ, КОГДА...

Пранк – это не шутка! 

Депутат Мажилиса Нартай Сарсенгалиев, обращаясь с запросом к министру...

Донести важные истины

В г. Шымкенте активизировалось межведомственное сотрудничество по работе, направленной...

Удобный цифровой сервис

Внедрение системы E-апостиль в Казахстане стало новым и важным...