Мемлекет басшысы Түркия президенті мен халқын ұлттық мейраммен құттықтады

Мемлекет басшысы Түркия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанды және бауырлас түрік халқын Түркияның ұлттық мейрамы – Республика күнімен құттықтады.

Президент биыл Түркияға жасаған ресми сапары аясында Режеп Тайип Ердоғанмен мазмұнды келіссөздер жүргізгенін атап өтіп, Анкарада қол жеткізілген уағдаластықтар мен маңызды бастамалар екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға зор серпін беретініне сенім білдірді, — делінген Ақорда хабарламасында.

Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанның жауапты қызметіне толағай табыс, ал бауырлас Түркия халқына құт-береке тіледі.

Елімізде психологтардың кәсіби қызметіне бірыңғай талап енгізіледі

Қазіргі уақытта министрлік қажетті нормативтік құқықтық базаны әзірлеп жатыр.

Мемлекет басшысы Жоғарғы Соттың төрағасын тағайындады 

Асламбек Мерғалиев Қазақстан Жоғарғы Сотының төрағасы болып қайта тағайындалды.

Президент Бас прокурорды тағайындады 

Берік Ноғайұлы Асылов Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры лауазымына тағайындалды.

Ресейдегі жанармай дағдарысы Қазақстанға қалай әсер етеді?

Ресейдегі мұнай өңдеу зауыттарына жасалған шабуылдар жанармай тапшылығын күшейтті. Сарапшылар бұл жағдай Қазақстанға да белгілі бір тәуекелдер туғызатынын айтып отыр.

Мемлекеттік туды пайдаланудың жаңа ережелері бекітілді 

Мемлекеттік туды жеке тұрғын үйлерге биіктігі 3 метрден кем емес жерде орнатуға болады.