Каспий теңізінің деңгейі төмендеп барады

Каспий теңізінің қазақстандық бөлігі су деңгейінің төмендеуінен ең көп зардап шегіп отыр. «Қазгидромет» РМК деректеріне сүйенсек, теңіздің тайыздану процесі әлі де жалғасып жатыр және алдағы жылдары бұл үрдіс күшеюі мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Мамандардың айтуынша, Каспий деңгейінің төмендеуіне басты екі себеп бар — климаттың өзгеруі мен адам факторына байланысты әсер. Community Climate System Model атты климаттық модельдің RCP4.5 және RCP8.5 сценарийлері бойынша жүргізілген есептерге сәйкес, ғасырдың ортасына қарай теңіз деңгейі тағы екі метрге төмендеуі ықтимал.

«Болжам бойынша, 2050 жылға қарай Каспий теңізінің деңгейі Балтық биіктік жүйесі бойынша –32,4-тен –34 метрге дейін төмендеуі мүмкін», — деп хабарлады Қазгидромет.

Каспий деңгейінің тарихи өзгеру динамикасы:

  • 1940–1977 жылдар: деңгей 1,2 метрге түскен (жылына орта есеппен 4 см);
  • 1978–1995 жылдар: 2,5 метрге көтерілген (жылына 13 см);
  • 1996–2023 жылдар: 1,83 метрге төмендеген (жылына 8 см).
  • 2006–2024 жылдар аралығында судың деңгейі тағы 2 метрге азайған.
  • 2024 жылы Каспийдің қазақстандық бөлігінде су деңгейі солтүстік-шығыста 22 см-ге, ал шығысында 29 см-ге төмендеген.

Қазгидромет жүргізген ай сайынғы гидрометеорологиялық шолуға сәйкес, 2025 жылдың қыркүйегінде:

  • ең жоғары деңгей Иголкинская банка бекетінде – +147 см;
  • ең төменгі деңгей Құрық бекетінде – –195 см;
  • орташа деңгей – –118 см немесе Балтық жүйесі бойынша –29,18 м болды.

Синоптиктердің айтуынша, Каспийдің тайыздану үрдісі әлі де жалғасуда. Егер бейімделу шаралары қабылданбаса, теңіз маңындағы экожүйелер мен инфрақұрылым ауыр зардаптарға тап болуы мүмкін.

Қазақстанда ауқымды жел станциясы салынбақ 

Астанада өтіп жатқан өңірлік экологиялық саммит – RES 2026 кулуарында Энергетика министрлігі Жаңартылатын энергия көздері департаментінің директоры Тұрар Әлімжан экология, су ресурстары және энергетика саласына қатысты пікір білдірді.

Ерекше баланың анасына еңбек өтілі жазылады

Асқарбек Ертаев мүгедектігі бар балалардың аналарын қолдауға бағытталған жаңа тәсілді таныстырды.

АЭС салынатын жаңа өңір аталды

Қазақстанда атом электр станциясын салуға Қостанай облысы қарастырылып жатыр.

Қазақстандықтар зейнетақы жинағын өздері басқара алады: Жаңа мүмкіндік қалай жұмыс істейді? 

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ «Tansar Capital» АҚ-мен зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы келісім жасасты. Компания салымшылардың зейнетақы жинақтарының бір бөлігін басқаруға болатын инвестициялық портфельді басқарушылар қатарына қосылды.

Алматы жұртшылығы Шахановты ақтық сапарға шығарып салды

Алматыда халық жазушысы, ақын Мұхтар Шахановты ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті. Іс-шара Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында өтті.