«Республика күні» – мақтаныш мерекеміз

25 қазан – Республика күні. Бұл күн – еліміздің тарихындағы ерекше, маңызды мерекелердің бірі. 1990 жылы дәл осы күні Қазақстан өзінің Мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияны қабылдады. Бұл оқиға – тәуелсіздікке бастар алғашқы қадам болды.

Республика күнінің 35 жыл болуына орай КМҚК «№84 Бөбекжай-балабақшасы» ересек «Медеу» топ балалары бұл мерекені үлкен қуанышпен қарсы алып атап өтті. Балалар Отан, туған жер, Ту мен Елтаңба туралы тақпақтар айтып, би билеп, ән шырқап өнерлерін көрсетті.


Мерекелік іс-шара барысында тәрбиешілері Дюсембиева Г.А., Төлепберген Ұ.Қ. балаларға еліміздің тарихы мен тәуелсіздік мәнін түсіндірді. Балалар «Менің Қазақстаным», «Отан – отбасынан басталады» сияқты ойындарда белсенді қатысты.

Республика күні – әрбір қазақстандықтың жүрегінде отансүйгіштік сезімін оятатын мереке. Бұл күнде біз бірліктің, бейбітшіліктің және тәуелсіздіктің қадірін ұғынамыз.

Кассациялық сот – әділ сот төрелігінің жаңа кезеңі

Құқықтық мемлекет құру жолында сот жүйесінің әділдігі мен ашықтығы...

Халықаралық құжат айналымындағы апостиль рөлі

Көпшілік үшін «апостиль» сөзі тек құжат рәсімдеумен байланысты қарапайым...

Аумақтан тыс соттылық – маңызды құқықтық қадам

Қазіргі қоғамда сот жүйесіне деген сенім – құқықтық мемлекетттің...

С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей

Сегодня в Казахстане функционирует более 70 театров, из которых...

Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

Бүгінде Қазақстанда 70-тен астам театр жұмыс істейді, оның 59-ы...