Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Заң факультеті, Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасының студенттері Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) бірі – «Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар» тақырыбында ашық талқылау өткізді. Шараның басты мақсаты-жастардың құқықтық санасын арттыру, әлеуметтік әділдікті нығайтуға және бейбіт қоғам құруға бағытталған идеяларды талқылау болды. Талқылау барысында студенттер ТДМ-нің 16-мақсатының қоғам өміріндегі өзектілігін ашып, бейбітшілік пен әділдікке қол жеткізу жолдарын жан-жақты қарастырды.Кездесу барысында студенттер жемқорлықты азайту, азаматтардың құқықтарын қорғау, заң үстемдігін қамтамасыз ету, сондай-ақ тиімді мемлекеттік басқару жүйесін қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударды.Талқылау қорытындысы бойынша студенттер университет ішінде жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында арнайы семинарлар мен тренингтер ұйымдастыруды ұсынды. Сонымен қатар, олар жемқорлыққа қарсы күреске арналған ақпараттық науқандарды әлеуметтік желілер арқылы жүргізудің тиімділігін атап өтті.
ТДМ 16-шы тармағы әділдікке, бейбітшілікке және барлық деңгейде тиімді институттарды қалыптастыруға бағытталған. Ол қақтығыстарды азайту, заң үстемдігін қамтамасыз ету және жемқорлықпен күресуді көздейді.
Осы орайда студенттер еліміздің бейбітшілік орнатудағы халықаралық бастамаларына да тоқталды. Атап айтқанда, ядролық қарудан бас тарту саясаты, өңірлік қауіпсіздікке қосқан үлесі, сондай-ақ бейбіт дипломатияны дамытудағы Қазақстанның рөлі кеңінен талқыланды.Кездесуде студенттер бейбітшілік пен әділеттіліктің қоғамның тұрақты дамуына негіз болатынын ерекше атап өтті. Олар әділ сот жүйесін нығайту, азаматтардың құқықтарын қорғау, сыбайлас жемқорлықпен жүйелі күресу, және қоғамдағы еркіндік пен сенімділікті арттыру мәселелерін басты басымдық ретінде белгіледі.
Талқылау соңында қатысушылар ТДМ 16 қағидаттарын тек мемлекеттің емес, әрбір азаматтың жеке жауапкершілігі деп тану қажет екенін атап өтті.
Олардың пікірінше, бейбіт және әділетті қоғам құруда жастардың белсенді ұстанымы шешуші рөл атқарады.Мұндай бастамалар студенттердің жаһандық мәселелерге бей-жай қарамайтынын, еліміздің дамуы мен тұрақтылығына өз үлесін қосуға дайын екендігін көрсетті.әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – жастарды жауапкершілікке, әділдік пен бейбітшілік құндылықтарын бағалауға тәрбиелеу арқылы тұрақты дамуға үлес қосып келе жатқан білім ордасы. Жоғарыда аталған мақсат адамзаттың болашағы үшін өте маңызды. Бұл мақсат қоғамдағы бейбітшілікті сақтау, әділеттілікті қамтамасыз ету және тиімді басқару жүйелерін құру арқылы ғана қол жеткізуге болады. Әрбір ел, оның ішінде Қазақстан да, осы мақсатты жүзеге асыру үшін халықаралық қауымдастықпен бірге жұмыс істеп, тұрақты даму үшін қажетті қадамдарды жасап жатыр.Тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыру — тек мемлекеттік органдардың ғана емес, бүкіл қоғамның бірлескен әрекеттерінің нәтижесі болып табылады. Сондықтан әрбір адам өз елінің дамуына үлес қосып, әділдік, бейбітшілік және тиімді институттардың қалыптасуына ықпал етуі керек.
Сулейменова С.Ж
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультеті азаматтық құқық,азаматтық іс жүргізу және еңбек құқығы кафедрасының оқытушысы,заң ғылымдарының докторы,профессор


