Бала тәрбиесі – болашақтың іргетасы

Бала тәрбиесі – кез келген қоғамның, мемлекеттің, ұлттың ең маңызды мәселесі. Өйткені бала – елдің ертеңі, ұлттың болашағы. Халықта «Баланы жастан» деген терең мағынасы бар сөз бар. Бұл – тәрбиенің ең тиімді кезеңі балалық шақ екенін білдіреді.

Отбасындағы тәрбие – баланың мінезі мен дүниетанымының негізі. Ата-ананың сөзі, іс-әрекеті, бір-бірімен қарым-қатынасы балаға үлгі болады. Сондықтан баланы жақсы көру ғана емес, дұрыс бағыт беру, жақсы әдеттерге баулу – ата-ананың басты міндеті.

Қазақ халқы бала тәрбиесіне ерекше мән берген. «Тәрбие – тал бесіктен» деп, ананың әлдиінен бастап, ата-әженің ақыл-кеңесіне дейін барлығы балаға рухани азық болады деп есептеген. Сонымен қатар, ұлт тәрбиесінде имандылық, үлкенге құрмет, кішіге ізет, еңбекке баулу, салт-дәстүрге бейімдеу секілді маңызды құндылықтар бар.

Қазіргі заманда бала тәрбиесі бұрынғыдан да күрделі бола түсті. Ақпарат көп, ықпал етуші факторлар да жетерлік. Осы жағдайда баланың бойына жақсы мен жаманды ажырата алатын сана қалыптастыру – басты мақсат. Бұл жолда ата-ана, мектеп, қоғам бірігіп әрекет етуі қажет.

Балаға берілетін ең үлкен мұра – жақсы тәрбие. Ол балаға өмірлік жол көрсетіп, болашақта өз орнын табуға көмектеседі. Сондықтан бала тәрбиесіне бейжай қарамай, әрбір ата-ана, ұстаз, қоғам мүшесі осы іске жауапкершілікпен қарауы тиіс. Себебі тәрбие – ел болашағының кепілі.

А.Кеңес,

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың                          

істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық 

сотының бас маман-сот отырысының хатшысы

Диагностиканың жаңа деңгейі: Қонаевта бактериологиялық зертхана ашылды

Қонаев қаласының көпсалалы ауруханасында заманауи бактериологиялық зертхана өз жұмысын...

Новый уровень диагностики: в Конаеве открылась бактериологическая лаборатория

В Многопрофильной больнице города Қонаев начала работу современная бактериологическая...

Су қорының жері жекеменшікке берілмейді

         Алматы облысы жер ресурстарын басқару департаментінің жауапкер «AL-agro...

ПРЕЖДЕ ЧЕМ СКАЗАТЬ «ДА», НУЖЕН ЛИ БУДУЩИМ СУПРУГАМ «СЕМЕЙНЫЙ ПРАВОВОЙ МИНИМУМ»?

Семья начинается с чувств. Ответственность за семью должна начинаться...

Безопасность на дорогах — обязанность ответственных организаций

Специализированным межрайонным административным судом Туркестанской области рассмотрено дело, касающееся...