Жанармай неге қымбаттады? – Жұманғарин түсіндірді

Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин елдегі бензин мен дизель отынының не себепті қымбаттағанына түсініктеме берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министрдің айтуынша, жанармай бағасы бірден емес, кезең-кезеңмен өсіп отырған.

Біз бензин мен дизельдің бағасын күрт көтерген жоқпыз. Баға ай сайын шамамен 2 теңгеге өсті. Мұны бағаның «секіріп» кетпеуі үшін жасадық, – деді Жұманғарин Мәжілісте өткен брифингте.

Ол соңғы айларда нарықтағы ахуалды бағалау мақсатында уақытша «бағаны кідірту» енгізілгенін айтты. Дегенмен мұнай өнімдерінің айтарлықтай қымбаттауының негізгі себебі – сыртқы факторлар.

Қазір Ресей мен Украина арасындағы қақтығысқа байланысты көрші елдерде мұнай өнімдерінің бағасы тез өсіп жатыр. Біздегі баға төмен болғандықтан, отынды сыртқа заңсыз әкету қаупі бар. Мұндай жағдай әртүрлі сылтаулар мен тетіктер арқылы жүзеге асуы мүмкін. Ал оны әкімшілік жолмен шектеу оңай емес, – деп түсіндірді министр.

Сондай-ақ министр Қазақстан өз мұнайын өндіріп отырған мемлекет болғанымен, сыртқы әсерден толық оқшаулана алмайтынын алға тартты.

Біз арал мемлекет емеспіз. Иә, мұнай өндіреміз, ішкі нарықты қамтамасыз етуге қауқарымыз бар. Бірақ Еуразиялық экономикалық одақ аясында кедендік шекара болмағандықтан, жанармайдың көрші елдерге кетуін тоқтату қиын. Сондықтан біз жағдайды мұқият бақылап, тәуекелдерді бағалап отырмыз, – деді ол.

Министр сонымен қатар Үкіметтің ішкі нарықтағы тұрақтылықты сақтауға және сыртқы міндеттемелер мен баға тепе-теңдігін қамтамасыз етуге бағытталған шараларды жалғастыратынын айтты.

Қазақстанда ауқымды жел станциясы салынбақ 

Астанада өтіп жатқан өңірлік экологиялық саммит – RES 2026 кулуарында Энергетика министрлігі Жаңартылатын энергия көздері департаментінің директоры Тұрар Әлімжан экология, су ресурстары және энергетика саласына қатысты пікір білдірді.

Ерекше баланың анасына еңбек өтілі жазылады

Асқарбек Ертаев мүгедектігі бар балалардың аналарын қолдауға бағытталған жаңа тәсілді таныстырды.

АЭС салынатын жаңа өңір аталды

Қазақстанда атом электр станциясын салуға Қостанай облысы қарастырылып жатыр.

Қазақстандықтар зейнетақы жинағын өздері басқара алады: Жаңа мүмкіндік қалай жұмыс істейді? 

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ «Tansar Capital» АҚ-мен зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы келісім жасасты. Компания салымшылардың зейнетақы жинақтарының бір бөлігін басқаруға болатын инвестициялық портфельді басқарушылар қатарына қосылды.

Алматы жұртшылығы Шахановты ақтық сапарға шығарып салды

Алматыда халық жазушысы, ақын Мұхтар Шахановты ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті. Іс-шара Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында өтті.