12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Аумағы 12 млн гектардан асатын бидай алқаптары жиналды

Елімізде егін жинау жұмыстары жоспарлы түрде жүргізілуде. Шаруалар техника, жанар-жағармай және тиісті қаржы ресурстарымен уақытылы қамтамасыз етілді. Биыл жалпы егін жинау алаңы 23,6 млн гектарды құрады, оның ішінде 16 млн гектардан астамы – дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар. Жинау жұмыстары дер кезінде басталды, ал дәнді дақылдар бойынша науқан аяқталуға жақын. Бұл туралы ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.

Оның айтуынша, бүгінде республика бойынша 15,6 млн га немесе  дәнді дақылдардың 88,6%-ы жиналды, орташа өнімділік 16,9 ц/га құрап, 26,6 млн тонна астық бастырылды.

«Осылайша, бұған дейін айтылғандай, рекордтық көлемде өнім алу күтілуде, бұл ішкі нарықтың азық-түлік, мал азығы және тұқымдық астыққа деген қажеттілігін толық қамтамасыз етіп, дәстүрлі экспорттық нарықтардағы көлемді сақтауға және жаңа бағыттарды нығайтуға мүмкіндік береді. Бүгінде бидай 12 млн гектардан астам немесе 99% алаңнан жиналып, орташа өнімділік 16,5 ц/га деңгейінде 20 млн тоннаға жуық астық бастырылды. Арпа мен сұлы бойынша 2,4 млн тонна өнім жиналды, алаңның 99,5%-ы орылды. Сонымен қатар 127 мың га немесе 74,5% жүгері алқабы жиналып, 852 мың тонна өнім бастырылды», – деді спикер.

Ағымдағы жылы егіс алқаптарын әртараптандыру жұмыстары аясында дәнді-бұршақты және майлы дақылдарға ерекше көңіл бөлінді. Бұл бағыттағы жұмыстың нәтижесі қазірдің өзінде байқалуда: 774 мың гектар немесе 99% бұршақты дақылдар орылып, алғаш рет 1 млн тонна өнім жиналды.

Майлы дақылдар бойынша шамамен 4 млн тонна көлемінде рекордтық өнім алу күтілуде. Қазіргі уақытта 2,8 млн га немесе 71%-ы жиналып, 3,3 млн тонна майлы дақыл бастырылды.

Дәнді-бұршақты және майлы дақылдар өндірісінің ұлғаюы шаруаларға жақсы табысты қамтамасыз етіп, келесі ауыл шаруашылық маусымына алдын ала дайындалуға мүмкіндік береді.

Республика бойынша картоп 130 мың гектардан немесе 99% алаңнан жиналып, 2,9 млн тонна өнім алынды. Көкөністер 129 мың гектардан немесе 99% алаңнан жиналып, 3,9 млн тонна өнім алынды. Бақша дақылдарының жинау жұмыстары аяқталды, 94 мың га алаңнан 2,6 млн тонна өнім жиналды.

Істерді дайындау және апелляциялық инстанцияға жіберу

Сот жүйесінде әділ шешім шығару тек сот отырысымен шектелмейді....

Сот отырысы және алдын ала сот отырысына дайындық жүргізу

Сот төрелігін тиімді жүзеге асыруда сот отырысының дұрыс ұйымдастырылуы...

Ә.Қастеев атындағы ұлттық өнер мұражайына танымдық саяхат

2026 жылғы 20 ақпанда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті...

Жәбірленушілердің өтемақы қоры

Еліміздің Ата Заңы мен халықаралық құқық нормаларында адам, оның...

Абай облысы ҚАЖ мекемесінде сотталғандар педагогтар мен медицина қызметкерлеріне алғыс білдірді

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің әйелдер колониясында Алғыс айту...