12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Жыл басынан бері елімізде 303 жаңа балабақша ашылды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауында берілген тапсырмаларды орындау аясында елімізде білім беру жүйесін дамыту және білікті кадрлар даярлау бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үкімет мектепке дейінгі тәрбиеден бастап, жоғары білім мен ғылым саласына дейінгі барлық деңгейдегі білім берудің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға ерекше назар аударып отыр.

2025 жылдың басынан бері елімізде 26,6 мың орынға арналған 303 жаңа балабақша ашылды. Халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын барлық бала тегін тамақпен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, балабақшаға бармайтын балалардың ата-аналары үшін 5,5 мыңнан астам кеңес беру орталықтары жұмыс істейді, — делінген ақпаратта.

Сонымен бірге, «Ақша баланың соңынан жүреді» қағидатына негізделген ваучерлік қаржыландыру жүйесі енгізілуде. Пилоттық жоба 20 қала мен 7 ауданда жүзеге асуда, оған 4,8 мың мектепке дейінгі ұйым қатысуда және 671 мыңнан астам ваучер берілген. Нәтижесінде балабақша кезегі екі есеге жуық қысқарды.

Шағын бизнес алдағы үш жылда тексеруден босатылады

Үкімет жаңа Салық кодексіне біртіндеп көшу мақсатында шағын және микробизнес өкілдеріне қатысты алдыңғы жылдардағы салық тексерістерінен бас тарту туралы шешім қабылдады.

Жанармай неге қымбаттады? – Жұманғарин түсіндірді

Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин елдегі бензин мен дизель отынының не себепті қымбаттағанына түсініктеме берді.

Францияда тағы бір мұражай тоналды

Францияның солтүстік-батысындағы Лангр қаласында орналасқан "Ағарту дәуірі – Дени Дидро үйі" мұражайы тоналды.

Елімізде ажырасу деңгейі 5 жылда қанша пайыз төмендеді?

2020 жылы елімізде «Қазақстандық отбасылар – 2020» атты алғашқы Ұлттық есеп жарияланды. Есепте ажырасу себептері, отбасылардың әлеуметтік-экономикалық жағдайы, туу динамикасына қатысты деректер мен талдаулар қамтылды.

Күздің соңғы айында 10 күн демалыс болады

2025 жылдың қараша айы қазақстандықтар үшін ұзақ мерекелік демалыссыз өтеді. Бұл айда тек аптаның сенбі және жексенбі күндері ғана демалыс болады.