Күздің соңғы айында 10 күн демалыс болады

2025 жылдың қараша айы қазақстандықтар үшін ұзақ мерекелік демалыссыз өтеді. Бұл айда тек аптаның сенбі және жексенбі күндері ғана демалыс болады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бес күндік жұмыс аптасында еңбек ететін қазақстандықтар қараша айында 10 күн демалып, 20 күн жұмыс істейді.

Ал алты күндік жұмыс аптасында еңбек ететіндер үшін демалыс күндері тек жексенбіге түседі. Демек, оларда 5 демалыс және 25 жұмыс күні бар.

Қараша айында ресми мереке күндері болмағандықтан, жұмыс кестесінде ешқандай өзгеріс болмайды.

Қарашадағы Кәсіби мерекелер тізімі

Кәсіби мерекелер демалыс күндері болып табылмайды, бірақ әріптестеріңізді, таныстарыңыз бен жақын адамдарыңызды құттықтаудың жақсы себебі болып табылады.

5 қараша – Сыртқы барлау күні

8 қараша – Статистика күні

10 қараша – Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күні

10 қараша – Бухгалтерлік есеп және аудит саласы қызметкерлері күні

15 қараша – Қазақстан Республикасының қаржы саласы қызметкерлері күні

Қарашаның үшінші сенбісі – Бұрғылаушы күні

Қарашаның үшінші жексенбісі – Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күні

18 қараша – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарының күні.

Елімізде психологтардың кәсіби қызметіне бірыңғай талап енгізіледі

Қазіргі уақытта министрлік қажетті нормативтік құқықтық базаны әзірлеп жатыр.

Мемлекет басшысы Жоғарғы Соттың төрағасын тағайындады 

Асламбек Мерғалиев Қазақстан Жоғарғы Сотының төрағасы болып қайта тағайындалды.

Президент Бас прокурорды тағайындады 

Берік Ноғайұлы Асылов Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры лауазымына тағайындалды.

Ресейдегі жанармай дағдарысы Қазақстанға қалай әсер етеді?

Ресейдегі мұнай өңдеу зауыттарына жасалған шабуылдар жанармай тапшылығын күшейтті. Сарапшылар бұл жағдай Қазақстанға да белгілі бір тәуекелдер туғызатынын айтып отыр.

Мемлекеттік туды пайдаланудың жаңа ережелері бекітілді 

Мемлекеттік туды жеке тұрғын үйлерге биіктігі 3 метрден кем емес жерде орнатуға болады.