12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Алматыда құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша алғашқы жобалар көрмесі өтті

2025 жылдың 20 қазанында Алматы қаласындағы Ғылым ордасы ғимаратында «Kazakhstan Prevention Days — Заң мен тәртіп қағидаты аясында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жобалар» атты еліміздегі алғашқы құқықбұзушылықтың алдын алуға арналған көрме өтті. Іс-шараның басты ұраны – «Заң және тәртіп».

Көрме Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Алматы қаласы Полиция департаментінің, М. Есболатов атындағы Алматы академиясының және PREVECA II жобасы аясында Герман халықаралық ынтымақтастық қоғамының (GIZ) ұйымдастыруымен өтті.
Шара қоғамдық қауіпсіздікті арттыру, заң мен тәртіпті нығайту, мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы әріптестікті дамыту және құқық қорғау органдарына деген сенімді қалыптастыру мақсатында іске асырылған 45 жобаны бір алаңда тоғыстырды.

Ішкі істер министрлігі қоғамдағы қауіпсіздікті цифрлық технологиялар арқылы қамтамасыз етуге бағытталған заманауи жобаларды таныстырды. Атап айтқанда: «Цифрлық полицей», денеге тағылатын бейнетіркегіштер, «Sergek TOR» және «Qorgau» зияткерлік жүйелері, құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі дрондарды қолдану, 2023 жылдан бастап енгізіле бастаған «Ақылды жаяу жүргінші өткелі» жобалары.

Көрме аясында полиция қызметінің заманауи келбеті, оның тек құқық бұзушылыққа қарсы күресуші күштік құрылым емес, қоғаммен серіктестікте жұмыс істейтін профилактикалық институт ретіндегі рөлі кеңінен көрсетілді.

«Біздің міндет – тек заң мен тәртіпті қамтамасыз ету ғана емес, әсіресе жастар арасында полицияға деген сенім мен құрметті қалыптастыру. Бұл көрме – тәжірибе алмасуға, ашық диалог орнатуға және ортақ шешімдер табуға арналған тиімді алаң болды», — деді М. Есболатов атындағы Алматы академиясы бастығының орынбасары Жанат Дильбарханова.

Көрмеге ІІМ, прокуратура, ғылыми қауымдастық пен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен қатар, мектеп оқушылары мен студенттер де белсенді қатысты. Олар құқықбұзушылықтың алдын алу және полиция қызметі туралы мол ақпарат алып, тікелей тәжірибе алмасты.
Көрменің халықаралық мәртебесін Германия Федеративтік Республикасының Бас консулы Маттиас Кислер, GIZ жобасының жетекшісі Штефан Бухмайер және Германиядағы Қылмыстың алдын алу кеңесінің директоры Эрих Маркс толықтырды. Олар Германиядағы превенция тәжірибесімен бөлісіп, Қазақстан тарапынан ұйымдастыру деңгейін жоғары бағалады.

Сонымен қатар, құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған өз жобаларын жоғары оқу орындары, қоғамдық қорлар мен жастар ұйымдары да ұсынды.
Көтерілген негізгі тақырыптар: киберқылмыс, тұрмыстық зорлық-зомбылық, экстремизм, нашақорлық, жол-көлік қауіпсіздігі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен құқықтық сауаттылықты дамыту.

21 қазан күні, көрме аясында М. Есболатов атындағы Алматы академиясында «Полициядағы бір күн» атты оқу-тәжірибелік жоба өтеді. Оған мектеп оқушылары мен студенттер қатысып, полиция қызметімен жақынырақ таныса алады, тренингтерге қатысып, заң мен тәртіпті қамтамасыз етудің нақты процесін көреді, сондай-ақ полиция мамандығының ішкі қыр-сырын біліп қайтады.

Заң корифейі

Академик С.Сартаев Қазақстандағы заң білімі мен ғылымының дамуына, Қазақ...

Адамның ісіне қарап өзін таны

Адамның өмірі кітап секілді көлемімен емес, мазмұнымен өлшенеді демекші,...

Өмірі – өнеге

Сұлтан Сартайұлы 1927 жылы 15 қазанда Қызылорда облысы, Жаңақорған...

ЕГЕМЕНДІК ЖОЛЫНДАҒЫ ЕСТІ ҚАДАМ

2025 жыл – Қазақстан үшін тарихи жады мен мемлекеттік...

Егемен елдің еңсесі биік

"25 қазан еліміз үшін, тәуелсіздігіміз үшін – маңызды күн....