12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Сот процесіндегі тәртіп ортақ

Сот – ақ пен қара анықталатын, екі тараптың дауына нүкте қойылатын мәртебелі орын. Ал ақиқат айшықталып, тура төрелік жасалу үшін сот ісін жүргізудің ортақ тәртібі мен қағидасына бағынып, судьяның талаптарын мүлтіксіз орындау керек.

Өкінішке орай, зайырлы, құқықтық мемлекетімізде әлі де болса сот ісіне салғырт қарайтындар аз емес. Сот шақыртуына келмейтін, сот отырысына кешігіп келетін, соттағы ортақ талапқа бағынбайтындар қатарының азаймауы сөзіміздің нақты дәлелі. Сот шақыртуына назар аудармай, белгіленген уақытта процеске келмеген азаматтар сот ісінің талапқа сай зерделенуіне кедергі келтіреді. Мұндай азаматтар сотқа келмеуінің себебі негізді болмаса, әкімшілік жауаптылыққа тартылатынын ұмытпауы керек.

Ғаламторды пайдаланушылардың көптігі, әлеуметтік желілердегі азаматтар белсенділігінің артуы сотты сыйламауға қатысты тағы бір көріністердің орын алуына жол ашуда. Бұл алаңдарда сот жұмысына, судьяларға қатысты көптеген негізсіз сын айтылатынын көзіміз көріп жүр. Әсіресе, шешім шықпай жатып «Судья ана жақтың сөзін сөйлеп отыр», «параға сатылып кеткен ғой» деген секілді орынсыз пікірлер жеке судьяның ғана емес, жалпы соттың беделіне нұқсан келтіреді. Бірақ, жұмысы қауырт, жүктемесі жоғары болғандықтан, судьялардың мұндай лайықсыз пікірлерге көңіл бөліп, өзінің ар-намысын, іскерлік беделін қорғауға уақыты жоқ. Дегенмен, азаматтар егер негізді, дәлелді пікір айтпаса, шындыққа жанаспайтын ой айтып, судьяның беделіне нұқсан келтіргені үшін жазаға тартылатынын білгені дұрыс. 

Онлайн сот отырыстары азаматтарға ыңғайлы, тиімді екені рас. Бірақ осындай сот процестерінде де теріс әрекеттерімен сотқа құрметсіздік танытатындар кездесіп қалады. Сот отырысына онлайн қатысқан тараптардың көлік жүргізіп келе жатып сөйлеуі орынсыз екені айтылып, ескерту жиі жасалады. Сондай-ақ процеске үй киімімен қатысатын, дастархан үстінде отырып сөйлейтін, немесе темекі шегіп тұрып отырыста уәжін айтатындар да кездеседі. Мұның барлығы сотты сыйламау, сотқа құрметсіздік таныту ретінде бағаланады. 

Өкінішке қарай, сотқа құрметсіздік танытқандарға көп жағдайда жауаптылық беріле қоймайды. Бұл әрие, қателіктің қайталануына алып келуде. Сондықтан судьяны сыйламаған, оның заңды талаптарына бағынбаған, соттағы ортақ тәртіпті бұзғандарға қатысты процестерді ашық көрсетіп, халықтың құқықтық мәдениетін арттыруға алғышарт жасағанымыз дұрыс.

А.Акишев,

Алматы қаласы

Медеу аудандық сотының судьясы

Ерекше іс жүргізудің тиімділігі зор

Азаматтық істерді қарайтын соттардың жүктемесі жыл сайын өсіп көбеюде....

Сот корпусын сапалы кадрлармен толықтыру өзекті

«Кадр бәрін шешеді» деген қанатты сөз қай кезде де...

Министр торговли посетил стабилизационный фонд ВКО

Более 420 сельхозярмарок на сумму 1,4 млрд тенге проведено...

Сот актілерін орындау тәртібі мен мерзімдері

Қазақстан Республикасы  Сот әкімшілігі басшысының  2024 жылғы «8» сәуір №...

Сот жүйесіндегі мемлекеттік тілдің рөлі

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес қазақ тілі — мемлекеттік тіл....