“Мамандықтар еліне саяхат” – баланың болашағына бағыт

Алматы қаласы Алатау ауданына қарасты КМҚК №76 бөбекжай балабақшасында жекеменшік мектепке дейінгі ұйым әдіскерлеріне арналған “Мамандықтар еліне саяхат” атты кәсіптік бағдар беру семинары өтті.
Іс-шараның мақсаты – мектепке дейінгі жастағы балаларды түрлі мамандықтармен таныстырып, еңбек адамдарының еңбегін құрметтеуге, болашақ мамандығына қызығушылық қалыптастыруға баулу.


Балаларға арналған “Өнеркәсіп кешені” орталығында әртүрлі мамандықтар таныстырылып, балалар өздерін түрлі рөлдерде сынап көрді.
“Құрылысшылар әлемінде” балалар кірпіш қалап, құрылысшы мамандығының жауапкершілігі мен еңбегін сезінді.
“Ақсай нан зауыты” бұрышында кішкентай наубайшылар бауырсақ, тәтті вафли, попкорн, шоколадты құлпынай және банан дайындап, дәмді тағам әзірлеу процесін қызығушылықпен орындады.


“Тігін шеберханасында” балалар инемен түйме қадап, киім тігіп, тігінші мамандығының нәзік те ұқыпты еңбегімен танысты.
“Банк қызметкерлері” бөлімінде балалар ақша санауды, банк ісінің тәртібі мен маңызын үйренді.
“Гид және таныстырушы” орталығында кішкентай экскурсоводтар келген қонақтарға бағыт-бағдар беріп, сөйлеу мәдениеті мен өзін-өзі ұстау дағдыларын көрсетті.
Ал “Теле студияда” балалар тележүргізуші және журналист рөлін ойнап, қонақтардан сұхбат алып, өзіндік шығармашылық қабілеттерін көрсетті.
Семинар барысында әдіскерлер мен педагогтер балалардың белсенділігіне жоғары баға беріп, кәсіптік бағдар жұмысының мектепке дейінгі кезеңнен басталуының маңыздылығын атап өтті.
КМҚК №76 бөбекжай балабақшасы ұжымы алдағы уақытта да балаларды еңбек сүйгіштікке, ізденімпаздыққа және мамандықты құрметтеуге баулу бағытындағы іс-шараларын жалғастыратын болады.

Медиация – дауларды бейбіт жолмен шешу өнері

Бүгінде сот төрелігінің негізгі мақсаты тек сот шешімін шығару...

Атқару құжаттарын орындауға жіберу мерзіміндегі өзгеріс

Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасына енгізілген өзгерістер сот актілерін орындау рәсімін жетілдіруге бағытталған маңызды жаңашылдықтардың бірі болды. 2026 жылғы 24 маусымда қабылданған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер...

Алакөлге кел, ағайын!

Алакөлдің Жетісу облысы аумағындағы демалыс орындары биыл 2 млн-нан...

Отдых на воде начинается с правил 

С НАЧАЛА КУПАЛЬНОГО СЕЗОНА В ВОСТОЧНО-КАЗАХСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ УЖЕ УТОНУЛИ...

Жара алкоголю – не помеха

В ВОСТОЧНО-КАЗАХСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ПОДВЕЛИ ИТОГИ ОПЕРАТИВНО-ПРОФИЛАКТИЧЕСКОГО МЕРОПРИЯТИЯ «БЕЗОПАСНАЯ ДОРОГА»,...