«Хан-Тәңірі» футбол клубының ойыншысы Диас Төлеу қайтыс болды

Матч уақытында «Хан-Тәңірі» футбол клубының ойыншысы Диас Төлеу қайтыс болды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның жағдайы ойын кезінде күрт нашарлаған. «Хан-Тәңірі» клубының шабуылшысын алаңнан зембілмен алып шыққан. Кейін Диас Төлеу қайтыс болғаны хабарланды.

«Қазақстан футбол федерациясы «Хан-Тәңірі» клубының шабуылшысы Диас Төлеу мезгілсіз қайтыс болғаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдады. Диас жас болса да, футболға деген ерекше құштарлығымен, дарынымен көзге түскен еді. Отбасының, жақындарының және командасының қайғысына ортақпыз», — деп жазылған ҚФФ хабарламасында.

Ол бар болғаны 19 жаста еді.

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.