Қоғамдық тәртіп пен құқықтық мәдениетті нығайтудағы соттардың рөлі

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау – қоғамдағы құқықтық тәртіп пен әділдікті қамтамасыз етудің маңызды тетігі болып табылады. Әкімшілік құқық бұзушылық – бұл азаматтар мен заңды тұлғалардың мемлекет белгілеген тәртіп нормаларын бұзуы, соның салдарынан құқықтық жауапкершілікке тартылуына әкелетін әрекеттер мен әрекетсіздіктер.

Соттар қараған әкімшілік істердің мазмұны қоғамдағы тәртіпті, азаматтардың құқықтық мәдениетін және заңға деген құрметін айқындайды. Соңғы жылдары сот тәжірибесінде қоғамдық тәртіпті бұзу, жол қозғалысы ережелерін сақтамау, ұсақ бұзақылық, тұрмыстық қатынастардағы құқық бұзушылықтар сынды істер басым.

Соттар әкімшілік істерді қарау кезінде Конституция мен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің талаптарына сүйене отырып, заңдылық, әділдік, тараптардың теңдігі және ашықтық қағидаттарын басшылыққа алады. Әрбір іс нақты дәлелдерге негізделіп, судья тараптардың түсініктемесін мұқият зерттейді.

Әкімшілік жаза қолдану – тек құқық бұзушыны жазалау емес, сонымен қатар алдын алу және тәрбиелеу құралы. Әсіресе, кәмелетке толмағандар немесе алғаш рет құқық бұзған тұлғаларға қатысты соттар көбіне ескерту, айыппұл мөлшерін азайту, немесе медиация арқылы бітімге келтіру сияқты ізгілендірілген тәсілдерді қолданады.

Қазіргі уақытта әкімшілік істерді қарау процесі толығымен цифрландырылған. Істердің көпшілігі «Төрелік» ақпараттық жүйесіне енгізіліп, «Сот кабинеті» порталы арқылы онлайн форматта жүргізіледі. Бұл азаматтар үшін сотқа жүгінуді жеңілдетіп, істің қаралу мерзімін қысқартуға және ашықтықты қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Кейбір әкімшілік істер бойынша тараптардың өзара түсіністік пен келісімге келуі жиілеп келеді. Бұл ретте медиация тетігінің рөлі айрықша. Судьялар тараптарды бітімге келуге шақырып, қоғамда бітімгершілік мәдениетін дамытуға атсалысуда.

Әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу – бұл тек құқық қорғау органдарының емес, әрбір азаматтың ортақ міндеті. Заңды құрметтеу, қоғамдық тәртіпті сақтау, өз ісіне жауапкершілікпен қарау – құқықтық мәдениеттің негізі.

Соттар өз кезегінде әрбір істі әділ қарап, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын басты назарда ұстайды.

Л.Әбдуәли, Қызылорда қаласының әкімшілік

құқық бұзушылықтар жөніндегі

мамандандырылған сотының

жетекші маманы

Кассациялық сот – әділ сот төрелігінің жаңа кезеңі

Құқықтық мемлекет құру жолында сот жүйесінің әділдігі мен ашықтығы...

Халықаралық құжат айналымындағы апостиль рөлі

Көпшілік үшін «апостиль» сөзі тек құжат рәсімдеумен байланысты қарапайым...

Аумақтан тыс соттылық – маңызды құқықтық қадам

Қазіргі қоғамда сот жүйесіне деген сенім – құқықтық мемлекетттің...

С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей

Сегодня в Казахстане функционирует более 70 театров, из которых...

Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

Бүгінде Қазақстанда 70-тен астам театр жұмыс істейді, оның 59-ы...