Ипотека шарттарының өзгеруі: өңірлерде тұрғын үй бағасы 20%-ға арзандауы мүмкін

Қазақстандағы екінші деңгейлі банктер уақытша ипотека беруді тоқтатып, оның шарттарын қайта қарау және мөлшерлемелерді көтеру жөнінде шешім қабылдады. Тұрғын үй нарығы бойынша сарапшы Александр Пактың пікірінше, несиелеу талаптарының күшеюі әсіресе өңірлерде пәтер бағасының 20-25%-ға дейін төмендеуіне алып келуі мүмкін, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Сарапшының айтуынша, қазір елдегі жылжымайтын мүлік нарығы “тоқтап тұрған” жағдайда, айтарлықтай баға қозғалысы байқалмайды. Дегенмен ипотекалық шарттардың қатаюы сату-сатып алу мәмілелерінің азаюына әкелуі мүмкін.

Оның бағалауынша, банктер арқылы заемдық қаражат тартумен жасалатын мәмілелер көлемі нарықтың шамамен 30–35%-ын құрайды.

Бұл өңірлер мен екінші нарықтағы тұрғын үй қатысты. Ал Астанаға келсек, мұнда тұрақты көші-қон, жұмыс күші қозғалысы бар. Нарық өңірлер есебінен толығып отырады, сондықтан мұнда екінші нарықтағы тұрғын үйлерде баға шамалы төмендеуі мүмкін. Ал өңірлерде 2024 жылғыдай 20-25%-ға дейін төмендеу ықтималдығы бар, – деді ол.

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.