Павел Дуров Көлсайда ереже бұзбаған – Экология министрлігі

Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуровтың Алматы облысындағы «Көлсай көлдері» ұлттық паркінде шомылып жүрген сәті түсірілген бейнежазба әлеуметтік желілерде кеңінен тарады, деп хабарлайды BAQ.KZ Экология министрлігіне сілтеме жасап.

Экология министрлігі бұл дерек бойынша қызметтік тексеріс жүргізіп, Көлсай-2 көлінің маңында шомылуға тыйым салынғаны туралы ескерту белгілері орнатылмағанын анықтады. Осыған байланысты министрлік өкілдері құқық бұзушылық белгілері жоқ екенін мәлімдеді.

Аталған жағдай аумақтың экологиялық тұрақтылығына әсер етпеген, — делінген ведомство хабарламасында.

Министрлік бұл оқиғаның ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда болу ережелері туралы туристерді жүйелі түрде хабардар етудің маңыздылығын көрсеткенін атап өтті. Мұндай шаралар елдің бірегей табиғатын сақтау мен экологиялық туризмді дамытуға ықпал етпек.

Сонымен қатар Павел Дуровтың 10 миллионнан астам жазылушысы бар парақшасында жарияланған бейнематериал Қазақстанның табиғи сұлулығын жаһандық аудиторияға таныстырды. Ведомство мәліметінше, бұл елдің туристік имиджін арттыруға оң әсер еткен.

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.