Енді автомектептер Ішкі істер министрлігінің рұқсатымен ғана ашылады

Енді автомектептер Ішкі істер министрлігінің рұқсатымен ғана ашылады, деп хабарлады BAQ.KZ.

Бұл туралы Ішкі істер министрі Ержан Сәденов айтты.

Министрдің айтуынша, 2018 жылдан бері автомектептерде мемлекеттік бақылау жоқ.

Бәрін орнына қоямыз. Өткен жылы өздігінен дайындықты жойдық. Барлық автомектепті есепке алдық. Курстар туралы куәлік пен медициналық анықтаманы электронды форматқа ауыстырдық. Автомектептерді ашу кезінде рұқсат беру тәртібі бойынша түзетулер енгіземіз, – деді ол.

Оның айтуынша, апаттың бірнеше себебі бар. Жүргізушілердің дайындық деңгейі төмен. Олар жылдамдықты ысырып, басып озу кезінде тәуекелге барады. Рульде ұйықтап кететінін де жасырмады.

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.