Кассациялық сот – әділеттің соңғы сатысы

Қазіргі Қазақстанның сот жүйесі қоғам өмірінің әділдік пен заң үстемдігіне негізделген жаңа кезеңіне аяқ басты. Осы жолда ерекше маңызға ие құрылымның бірі – кассациялық сот. Ол сот төрелігінің жоғары сатысы бола отырып, төменгі соттар қабылдаған шешімдердің заңдылығын, негізділігін және әділдігін бағалауға бағытталған.

Кассациялық соттың басты мақсаты – азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау және құқық қолдану тәжірибесін біріздендіру. Бұл саты істің мәнін қайта қарамайды, тек заң нормаларының дұрыс қолданылғанын тексереді. Яғни, ол әділеттің сақшысы, сот шешімдерінің заң талаптарына сай болуын қамтамасыз ететін соңғы сүзгі іспетті.

Қазіргі таңда Кассациялық алқа сот актілерінің заңдылығын тексеріп қана қоймай, құқықтық саясаттың айқындығын қамтамасыз етуге, сот тәжірибесіндегі қателіктерді түзетуге және заңнаманың біркелкі қолданылуына ықпал етеді. Бұл азаматтардың сотқа деген сенімін арттырып, әділдіктің шынайы орнауына жол ашады.

Кассациялық соттың қызметі – сот жүйесінің тұрақтылығы мен беделінің кепілі. Ол әрбір азаматтың заң алдында тең құқылы екенін, ал мемлекет үшін ең биік құндылық – адам мен оның құқығы екенін дәлелдейді. Әділ шешім қабылданған жағдайда ғана қоғамның сот билігіне деген сенімі артады.

Сондықтан кассациялық соттың тиімді жұмыс істеуі – құқықтық мемлекет қағидаттарын бекітіп, әділ және жауапты қоғам құрудың маңызды қадамы. Бұл – әділетті Қазақстанның айқын бейнесі, заң үстемдігін қамтамасыз етудің нақты көрінісі.

Жалағаш аудандық сотының

бас маманы Д.Ә.Шадаев

Медиация – дауларды бейбіт жолмен шешу өнері

Бүгінде сот төрелігінің негізгі мақсаты тек сот шешімін шығару...

Атқару құжаттарын орындауға жіберу мерзіміндегі өзгеріс

Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасына енгізілген өзгерістер сот актілерін орындау рәсімін жетілдіруге бағытталған маңызды жаңашылдықтардың бірі болды. 2026 жылғы 24 маусымда қабылданған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер...

Алакөлге кел, ағайын!

Алакөлдің Жетісу облысы аумағындағы демалыс орындары биыл 2 млн-нан...

Отдых на воде начинается с правил 

С НАЧАЛА КУПАЛЬНОГО СЕЗОНА В ВОСТОЧНО-КАЗАХСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ УЖЕ УТОНУЛИ...

Жара алкоголю – не помеха

В ВОСТОЧНО-КАЗАХСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ПОДВЕЛИ ИТОГИ ОПЕРАТИВНО-ПРОФИЛАКТИЧЕСКОГО МЕРОПРИЯТИЯ «БЕЗОПАСНАЯ ДОРОГА»,...