Әрине ұлттың ең бірінші, ең қасиетті сипаты – оның ана тілі. Ұлт анасы тіл болып есептеледі. Сонымен бірге ұлттың өмір сүруінің бірінші шарты. Конституциямыздың жетінші бабының бірінші тармағында Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл — қазақ тілі деп анық жазған. Кез келген өркениетті елдің өзінің рәміздері, шекарасы болатыны секілді мемлекеттік тілі де егемен еліміздің негізгі рәміздерінің бірі. Тіл ұлт пен ұлтты жақындастыратын ең үлкен қатынас құралы. Ұлттың сақталуына да, жоғауына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл. Тіл – ұлттың жаны, халықтығының асыл белгісі, намысы, тыныс тіршілігінің көзі, Ата Заңымен қорғалатын, еркіндігінің үні. Оны құрметтеп, қорғау, келешек ұрпаққа жеткізу, Қазақстанның бақытты да парасатты, білімді де еңбекқор ұл-қыздары, біздерге ғасырлар бойы ата-бабаларымыздан жеткен аманат.
Мемлекеттік тіл – көпұлтты мемлекетте халықтың ұлттық құрамына қарамай іс қағаздарын мектеп және оқу орындарына оқыту, мәдениет, баспасөз бен байланыс орындарына құқық қорғау мен әскери бөлімдерінде сот істерін жүргізу міндетті деп саналатын саяси құқықтық қасиеті бар мәртебелі тіл. Оны жан-жақты дамыту және оның қолдану аясын кеңейту үшін мемлекет тарапынан белгілі бір уақытқа жоспарланған жан-жақты бағдарламалар жасалынуда. Мемлекеттік тіл әрдайым мемлекеттің қорғауында және оның қамқорлығында болады. Тәуелсіз еліміздің мемлекеттік тілін меңгерумен қатар, іс қағаздарын мемлекеттік тілге көшіру – бүгінгі күннің өткір мәселесі, заман талабы. Әлемнің дамыған елдерінің қатарына кіруі де ел экономикасымен қатар, әлеуметтік мәселелерге, оның ішінде мемлекеттік тіл мәселесіне айрықша көңіл бөлуіміз керек. Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін 1993 жылғы Конституцияда бекітіп, 1997 жылы тәуелсіз Қазақстанның Тілдер туралы заңы қабылданды. Бүгінгі күні қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берген заңның орны бөлек. Себебі, мемлекеттік тіл мемлекеттің бүкіл аумағында барлық салада қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу, іс қағаздарын жүргізу тілі саналады. Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз. Біздің міндетіміз оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту, тілдің қолданылу аясын арттыруға күш салу. Қазіргі таңда мемлекет тарапынан тілдік қорымызды үздіксіз жетілдіріп отыру үшін заңдар қабылданып, бағдарламалар жасалған.
Қазақстан Республикасының сот ісі мемлекеттік тілде жүргізіледі. Ал қажет болған жағдайда сот ісін жүргізуде орыс тілі немесе басқа тілдер мемлекеттік тілмен тең қолданылады, қажетті жағдайда аудармашы қатыстырылады. Қазақстан Республикасында мемлекеттік тілі және барлық басқа тілдер мемлекеттің қорғауында болады. Сонымен қатар тіл туралы заңдарды бұзғаны үшін заңға сәйкес жауаптылық та көзделген.
Орал қаласының № 2 сотында барлық іс қағаздар мемлекеттік тілде рәсімделіп жүргізіледі. Сот қызметкерлері арасында Қазақстан Республикасы тіл туралы заңын нығайту мақсатында өткізілетін мәнерлеп оқу және т.б шараларға белсенді қатысады. Сот практикасында азаматтық істер бойынша мемлекеттік органдар, құқықтық көмек беретін адвокаттар мен заңгерлер, банктер талап қоюды көбіне орыс тілінде әзірлейді. Сол кезде мемлекеттік тілді қолдану мақсатында құқық қорғау, прокуратура органдарымен, банктердің, адвокаттармен заң кеңесшілернің қатысуымен сотқа талаптардың мемлекеттік тілде ұсыну мен жүргізілуі жайлы дөнгелек үстелдер жоспар бойынша өткізіліп отырады. Сонымен қатар сотта мемлекеттік тілді қолдану мақсатына БАҚ мақалалар шығарылып, облыстық радио арқылы сұхбаттар жүргізіліп, бейне роликтер шығарылады. Күнделікті қызмет барысында қолдану үшін сот қызметкерлері мемлекеттік тілдегі іс жүргізуге қажетті әдебиеттермен, сөздіктермен қамтамасыз етілген.
Тіл мәселесі біздің бір күндік немесе бір кезеңдік іс-шарамыз емес, тәуелсіздігіміз тұғырлы болу жолындағы негізгі, басты бағыттардың бірі. Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде мәңгілік өмір сүру үшін мемлекеттік тілдің барлық салада кеңінен қолданылуын қамтамасыз ету қажет. Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін мемлекеттік органдардың тарапынан кешенді, нәтижелі жұмыстар жүргізілуі керек.
Орал қаласының № 2 соты Әкімшісінің бас маманы
М. Габдшакирова