Елімізде екінші нарықтағы үйдің құны шарықтады

Қазір мұндай баспаналардың шаршы метрінің орташа бағасы 567 мың теңгеге жеткен. Ал Алматыда тіпті 700 мың теңгеден асып кеткен, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Информбюро 31-ге сілтеме жасап. 

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, Астана мен Шымкентте де баға өскен. Ескі пәтердің 1 шаршы метрі бірінде 678 мың, екіншісінде 457 мың теңгеге бағаланады.

Кейінгі айда республика бойынша жаңа үйдің орташа бағасы шарты метріне 550 мың теңгеге жуықтап қалды. Былтырмен салыстырсақ, 11 пайыз жоғары. Жаңаның аты жаңа, бірақ қазір екінші нарықтағы баспаналардың құны да тоқтаусыз өсіп жатыр. Әсіресе Алматыда қатты қымбат.

«700 мың дегенде ол баға сіз алғаннан кейін өседі. Бағадан қорқудың қажеті жоқ. Алматыда бірінші нарықтағы премиум үйлердің шаршы метрі 2-2 жарым миллион. Ескі болғанмен олардың орналасқан жері бірінші орында тұр», — дейді жылжымайтын мүлік сарапшысы Қайрат Қожанов. 

Сарапшының айтуынша, Алматыда қазір жаңа үйлерге деген сұраныс жоғары. Оған ипотекалық бағдарламалар түрткі болған. Ал ол бағдарламалар бірінші нарықты ғана қолдайды, сол себепті ескі үйлердің құнының өсуі баспаналы болу көрсеткішіне әсер ете қоймайды.

Дегенмен халық ескі баспананың бағасын негізсіз көтеріліп жатыр деп санайды. Қазір пәтер жалдау ақысы да арзан емес. Қазақстан бойынша орташа құны шаршы метрі үшін 5 мың теңгедей болады. Бірақ жалдауға келгенде Шымкенттегі баға өсімі Атырау мен Алматыдан озып тұр.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ұлттық кітап күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы отандастарымызды Ұлттық кітап күнімен құттықтады.

Алматыдағы «Жаңа ғасыр» театрына Асанәлі Әшімовтің есімі берілді

Алматы қаласында «Жаңа ғасыр» театрына қазақ театр және кино өнерінің көрнекті қайраткері, КСРО және Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімовтің есімі берілді.

Жұмыссыздарға төленетін жәрдемақының мерзімі қысқарады

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Аскарбек Ертаев мәлімдеді.

Жемқорлық рейтингі: Қазақстандағы ахуал қандай? 

Қазақстан Сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексінде (CPI) 96-орынға ие болды. 

Қазақстанда ауқымды жел станциясы салынбақ 

Астанада өтіп жатқан өңірлік экологиялық саммит – RES 2026 кулуарында Энергетика министрлігі Жаңартылатын энергия көздері департаментінің директоры Тұрар Әлімжан экология, су ресурстары және энергетика саласына қатысты пікір білдірді.