12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Медиация – дауды шешудің ең тиімді жолы

Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексте татуластыру рәсімдерін сот тәжірибесінде тиімді қолданудың жан-жақты тетіктері жасалған. Кодекс қолданысқа енгізілген сәттен бастап оның насихат жұмыстарына айрықша мән берілді. Республикадағы сот ұжымдары медиация кабинеттерінің ашылуына мұрындық болып, медиаторлардың белсенділігін көтеруге, судья-медиаторлар жұмысымен таныстыруға, партисипативтік тәсілдің ерекшелігін түсіндіруге барынша тырысып, кешенді жұмыстар жүргізілуі жалғастырылуда.

Жалпы, қоғамда түрлі таластардың туындап жататыны белгілі. Бірақ соның барлығын сот арқылы шешу міндетті емес.

Татуластыру рәсімдерін қолдану азаматтар үшін де, сот үшін де тиімді. Сотқа тиімді болатыны — бітімгершілікпен бітетін істер азаматтық істер санын азайтады. Сол арқылы судьялардың жүктемесі кеміп, басқа істерге көбірек көңіл бөлуге, бос уақытында ізденуіне жол ашылады. Сонымен қатар, тараптарды татуластыру азаматтар арасындағы сыйластықты сақтауға да ықпалды. Болмашы нәрсе үшін жақыныңды жатқа айналдыру, көршіңді қас жау ету кімге керек?

Міне, сотқа арыз жазбас бұрын жұртшылық осыған мән беруі керек. Мүмкіндік болса, ара ағайынның көмегіне, ақсақалдар алқасының талқысына салсын. Болмаса медиаторларға, судья-медиаторларға жүгінуіне болады. Қалай болғанда да кез келген адам өз дауының ауыр салдарсыз, ұрыс-керіссіз, бітіммен шешілуіне мүдделілік танытқаны жөн.

Ұлытау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегімамандандырылған ауданаралық сотында  2024 жылы  48 азаматтық іс медиация тәртібімен қысқартылған, ал биылғы жылдың 9 айында 29 азаматтық іс медиация тәртібімен қысқартылған. 

Осыған байланысты Ұлытау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегімамандандырылған ауданаралық соты қалыптасқан оң үрдісті алдағы уақытта да жалғастырып, медиацияны одан әрі дамыту бағытында қала тұрғындарына татуласу рәсімдері мен медиация туралы, оның ішінде медиация мен партисипативтік келісімдерін насихаттау және дауды сотқа дейін татуласу арқылы шешудің тиімділігі туралы түсіндірме жұмыстарын кеңінен жүргізетін болады.

Ұлытау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маманы А.Б.Сейтенова 

Мемлекеттік тілдің сот өндірісінде қолданылуы

Бүгінгі таңда мемлекеттік тілде іс қағаздарды жүргізу Қазақстан Республикасындағы...

Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі

     Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы....

Медиация в Казахстане: современный механизм разрешения споров

Понятие медиации Медиация — это форма альтернативного урегулирования споров с...

Сот жүйесінде мемлекеттік тілді қолдану

Елімізде мемлекеттік тіліміздің дамуы мен нығаюына бағытталған заңдар қабылданып,...

Моральдық зиян ақшалай нысанда өтеледi

Құқықтық, зайырлы мемлекетте азаматтардың қауіпсіздігі мен мүддесі басты орында...