Елімізде құрылыс сапасы бақылау орындарының тарапынан қатаң қадағаланатын болады. Парламент Мəжілісінің жалпы отырысында бірінші оқылымда қаралған Құрылыс кодексінің негізгі жаңалығы осы болып отыр.
Құжат жобасына бақылау мен қадағалауды күшейтуге бағытталған жаңа тəсілдер енгізілді. Соның бірі – құрылыс барысы басынан бастап, пайдалануға берілгенге дейін тексерілетін «жоспарлы инспекциялау» шарасы. Қадағалаудың бұл үлгісі заң бұзылған жағдайда жедел шара қолдануды көздейді. Оның аясында құрылыс жұмыстары тоқтатылып, лицензия мен өзге де рұқсат құжаттарын қайтарып алу мүмкіндігі қарастырылып отыр. Бұл жөнінде Құрылыс кодексін қорғаған Өнеркəсіп жəне құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев мəлімдеді. Қолданыстағы заңнама тек шағым түскенде бақылау жасауға мүмкіндік берді. Бұл жедел əрекет жасауға немесе бастамамен тексеруге тосқауыл қояды. Заң жобасына енгізіліп отырған өлшем бойынша профилактикалық бақылау қашықтан, яғни объектіге бармай-ақ жүргізілетін болады. Бұл үшін мемлекеттік органдардың деректері мен ақпараттық жүйелер пайдаланылады, қажет болған жағдайда дереу шара қабылданады. Сонымен қатар, əкімдіктердің жұмысына да бақылау артып, заң бұзудың алдын алу шаралары күшейтіледі. Нысанды қабылдау кезінде ГАСК мен төтенше жағдай органдарының міндетті түрде қатысуы қарастырылды. Олар нысанның пайдалануға дайын екендігі туралы қорытынды береді Құжаттың құрылыс саласының өзге де ауған жүгін түзетуге пəрмен беретін жаңалықтары бар. Солардың бірі сейсмикалық аймақтардың қала құрылысын жоспарлау ерекшеліктеріне қатысты талаптар. Ерсайын Қайырғазыұлының айтуынша, олар Қазақстан сейсмикалық қауіптілігі жоғары елдердің бірі, яғни ел аумағының 45% астамы жойқын жер сілкінісі қаупі бар аймақтарға жататындығына орай енгізілді. Осыған байланысты ұлттық қауіпсіздік пен орнықты дамуды қамтамасыз ету мақсатында жаңа Құрылыс кодексінде жеке тарау енгізіледі. Нормалар кешенді түрде сейсмикалық қатерді бағалауды, жаңа нысандарды сейсмо-оқшаулау технологиясымен жобалауды, құрылыс алаңдарын таңдау мен бірінші деңгейдегі ма ңызды нысандарға инженерліксейсмометриялық бақылау жүргізуді көздейді. Сонымен қатар, қауіпті бағалау – аймақтың ерекшелігі мен нысандардың сипатына қарай ықтимал шығындарды есептеу, тəуекел карталарын жасау, ғимараттардың төзімділігін тексеру мен қауіпті өңірлердегі нысандарды техникалық пас порттауды қамтиды. Бұл əрине, азматтардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған стратегиялық маңызды қадам.
Салада сапа мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жасалған тағы бір қадам – құрылыс нарығына қатысушылар біліктілігі мен жауапкершілігінің арттырылуы. Министрдің айтуынша, бүгінде салада шамамен 80 мыңға жуық лицензия тіркеліпті. Оның 58,5 мыңнан астамы құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге, 6,5 мыңнан астамы жобалауға, 5 мыңнан астамы құрылыс алдындағы зерттеу жұмыстарына берілген. Бұл көрсеткіш құрылыс нарығының ауқымын көрсетеді. Алайда, талдау нəтижесінде көптеген компаниялар мен лицензиялардың тек қағаз жүзінде ғана бар екені анықталды. Олардың басым бөлігінде өндірістік база да, білікті инженерлер де, нақты жобаларға қатысу тəжірибесі де жоқ. Мұндай жағдай сапа мен қауіпсіздікті төмендетіп қана қоймай, мемлекеттік тапсырыстарға жалған компаниялардың қатысуына жол ашып, саладағы еңбек нарығының шынайы жағдайын көрсетпей отыр. Бұл олқылықты жою үшін енді мемлекеттік ақпараттық жүйелермен өзара біріккен лицензиаттардың электрондық тізілімі құрылады. Ол берілген барлық рұқсаттарды қайта қарап, заң талаптарына сəйкестігін автоматты түрде тексереді. Сəйкес келмейтін компаниялар тізілімге енбейді. Осылайша адами фактор мен сыбайлас жемқорлық тəуекелдері азаяды. Сонымен қатар, тағы бір өзекті мəселе – қазіргі аттестаттау тəртібі сарапшылар мен инженерлердің нақты біліктілік деңгейін толық əрі тиімді көрсете алмай отырғандығы. Осыған байланысты негізге халықаралық, соның ішінде ЕуроОдақтың озық тəжірибесіне сүйене отырып, құрылыс инженерлерін сертификаттау жүйесін енгізу жоспарлануда. Бұл рəсімді мемлекет емес, нарықтың өзі, яғни тəуелсіз ұйымдар жүзеге асыратын болады. Тəртіпті күшейту үшін ереже бұзған компанияларға да қатысты ортақ жауапкершілік енгізілді. Оған сəйкес егер ірі заң бұзу фактісі анықталса, мұндай компанияларға құрылыс саласында жұмыс істеуге тыйым салынады.
Өзгерістер кеңестік дəуірден келе жатқан техникалық реттеу мен өлшемдерді де қамтыды. Нормативтік базаны тұрақты түрде жаңартып, заманға бейімдеу мақсатында жаңа Құрылыс кодексінде техникалық нормалау жүйесіне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар Ұлттық техникалық нормалау институтын құру жоспарлануда. Ол нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру ісін өз қолына алады. Бұл орган нормативтердің қалай қолданылып жатқанын бақылап, қажет болған жағдайда түсіндірме бе реді, жаңа техн о л о г и я л а р мен тəжірибелерді ескеріп, өзгерістер ұсынады. Ə р и н е , жаңа құжаттағы тағы бір жаңалық процестерді цифрл а н д ы р у ғ а қа тысты. Осы тұр ғыда жыл соңына дейі н қ ұ р ы л ы с саласындағы барлық процестерді толық цифрландыруды қамтамасыз ететін Бірыңғай ақпараттық жүйе əзірленбек. Мемлекеттік ақпараттық модельдер банкі функционалын кеңейту негізінде Бірыңғай құрылыс порталы құрылатын болады. Яғни, құрылыс саласындағы барлық қызметтер «бір терезе» қағидаты бойынша көрсетілетін болады. Депутаттар бұл өзгерістерді құптағанымен, кейбір маңызды мəселелердің ескерілмей қалғанына базына білдірді. Солардың бірі – депутат Динара Наумова. Мəжілісте ерекше қажеттілігі бар жандар атынан өкілеттік етіп отырған Наумова ханым құжат жобасын қарау барысында кедергісіз орта қалыптастыру мен инфрақұрылым қауіпсіздігін арттыруға назар аударып, бірқатар ұсыныстар берген екен. Алайда олардың аз ғана бөлігі қабылданыпты. Депутаттың айтуынша, кедергісіз ортаға қатысты талаптар қолданыстағы стандарттарда бар, алайда олардың орындалуы əлі де жеткіліксіз. Көптеген жаңа нысандар талаптарға сай келмейді, кей жағдайда адамдар үшін үйден шығудың өзі қиынға соғады. Мұндай кезде ерекше қажеттілігі бар азаматтар қоғамнан оқшауланып қалады. Осы мəселелер бойынша түсетін өтініштер көп жəне олардың əрқайсысын жеке шешуге тура келеді. Бұл бірталай уақыт пен ресурсты талап етеді. Сондықтан бұл талаптарды Құрылыс кодексінде нақты бекіту өте маңызды. Сонда ғана олар қағаз жүзінде емес, іс жүзінде жұмыс істей бастайды.
А.ТҰРМАҒАНБЕТОВА, «Заң газеті»