Елімізде екі жерде жұмыс істеуге бола ма?

Қазақстанда жұмыс берушілер қызметкерлермен арадағы еңбек шартын арнайы ақпараттық жүйеге жүктеуге міндетті. Алайда министрлік қанша адам екі жерде жұмыс істейтінін қадағаламайды және бұған заң бойынша тыйым салынбайды. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Асқарбек Ертаев мәлімдеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстандық жұмыс берушілер қызметкерлермен арадағы еңбек шартын ақпараттық жүйеге жүктеуге міндеттелген.

«Бұл — Еңбек кодексінің нормасы, соған сәйкес жұмыс беруші жүйеге өз қызметкерінің еңбек шартын жүктеуге міндетті. Бұл қызметкердің құқығын қорғау, яғни онымен еңбек шарты жасалғанын, онда не қарастырылғанын, жалақы қандай болатынын және қандай еңбек жағдайында жұмыс істейтінін растау үшін жасалады», — деп түсіндірді ол.

Еліміз бойынша 7 миллион жалдамалы жұмысшы бар, жүйеде 4 миллион адам есепке алынған, қалған қазақстандықтар азаматтық-құқықтық шарттар мен басқа да құжаттар бойынша жұмыс істейді.

Журналистер вице-министрден «Ведомство екі жерде жұмыс істейтін қазақстандықтарды қадағалай ма және бұған заң бойынша тыйым салынған ба?» деп сұрады.

«Азамат негізгі және толық емес жұмыс күні бойынша жұмыс істесе, оған заңмен тыйым салынбайды. Бұлай жасауға болады. Айта кетейін, біз қанша қызметкер қосымша жұмыс істейтінін есепке алмаймыз», — деп жауап берді Асқарбек Ертаев.

Еңбек кодексіне сәйкес азаматтар бірнеше жерде және әртүрлі жұмыс берушіге жұмыс істей алады. Дегенмен шектеу бар: негізгі жұмыс 8 сағаттан, қосымша жұмыс 4 сағаттан аспайды, сонда күніне 12 сағаттан аспауы керек. 

Екі жерде де толық жұмыс істеуге заңмен тыйым салынған.

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.