Елімізде электрмобильді бажсыз әкелу мерзімін ұзарту ұсынылды

Мәжіліс депутаты Олжас Нұралдинов электрмобильді бажсыз әкелу мерзімін ұзартуды ұсынды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Елімізде 6,4 миллионнан аса көлік тіркелген, олардың 70 пайыздан астамы — атмосфераға 5-7 есе көп зиян бөлетін 10 жылдан асқан көліктер.

«2022 жылы елімізге небәрі 1 245 электрмобиль әкелінсе, 2024 жылы бұл көрсеткіш 15 700-ге, яғни 12 есеге өсті. …Дегенмен жалпы парктегі электрмобиль үлесі әлі де өте мардымсыз: Қазақстанда бар болғаны 0,5%. Олардың үлесі — Қытайда 35%, Норвегияда 80%. Ал ЕО елдерінде 22%-дан асады», — деді ол.

Сондықтан депутат азаматтардың электрмобильге көшуіне қолдау көрсету өте маңызды деп санайды.

«Бұл қалаларымызды улы түтіннен сақтауға септігін тигізеді. Алайда электрмобиль кіргізудің жеңілдетілген режимі 2025 жылдың соңында аяқталады, одан кейін электрмобильдер бағасы 30-40%-ға көтеріледі. Бұл сұраныс төмендеуіне және экологиялық көліктер саны өсуі баяулауына әкеп соғады», — деді депутат.

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.