Қазақстанда баспасөз қызметтерінің жұмыс тиімділігін қалай арттырмақ?

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен кездесу барысында баспасөз қызметтері проактивті жұмыс істеп, қоғаммен сенімді байланыс орнатып, қоғамдық сұраныстарға дер кезінде жауап беруі керектігін атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Министрлік бұл сала мамандарын жүйелі түрде қолдау шараларын қолға алғанын жеткізді.

Азаматтық сектор өкілдері қоғаммен өзара әрекеттестікті арттыру үшін бірыңғай ақпарат алмасу платформасын құрып, мемлекеттік органдар мен халық арасында сапалы кері байланыс орнату қажет екенін айтты. Сондай-ақ азаматтардың өтініштерін қарауда жүйелі тәсілдің және баспасөз қызметтерінің белсенді жұмысының маңыздылығына тоқталды.

Бүгінгі күні орталық және жергілікті деңгейдегі мемлекеттік органдар азаматтардың өтініштерімен сапалы жұмыс істеуі тиіс. Өкінішке қарай, жауаптардың мазмұны мен ақпараттың толықтығы көбіне сын көтермейді. Ведомстволардың баспасөз қызметтері қоғамда туындайтын сұрақтарға алдын ала жауап беріп, ақпаратты уақтылы жеткізуі керек, тек сын материалдар шыққан соң ғана әрекет етпей, – деді ҮЕҰ өкілдері.

Өз кезегінде Аида Балаева азаматтардың өтініштеріне берілетін жауаптардың сапасын арттыру және мемлекет пен қоғам арасындағы коммуникацияны нығайту министрліктің басты міндеттерінің бірі екенін атап өтті.

Бұл бағытты өзім де қадағалап келемін. Мәдениет және ақпарат министрі ретінде азаматтардың толыққанды әрі сапалы жауап алуына мүдделімін. Бұл көптеген проблемалық мәселелерді шешуге және қоғамның ашық болуына жол ашады, – деді министр.

Сондай-ақ ол баспасөз қызметі қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттырудың маңыздылығына тоқталды. Оның айтуынша, министрлікте тұрақты түрде оқыту семинарлары мен тренингтер ұйымдастырылып келеді, алайда кадрлардың тұрақтамауы әлі де өзекті мәселе болып отыр.

Мұнда жүйелі шешім қажет деп ойлаймын. Баспасөз қызметі қызметкерлерінің еңбекақысын арттыру арқылы олардың мемлекеттік органдарда ұзақмерзімді жұмыс істеуге ынтасын күшейту керек. Бұл мәселені Үкімет деңгейінде көтердік, – деді Аида Балаева.

Кездесу соңында министр алдағы Азаматтық форумға баспасөз қызметі өкілдерін шақырып, олардың жұмысының маңызын көрсету және халықты ақпараттандыру аясын кеңейту үшін арнайы сюжеттер дайындауды ұсынды.

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.