Мәжілісте жаңа Құрылыс кодексі таныстырылды

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев жаңа Құрылыс кодексінің жобасын таныстырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министрдің айтуынша, құрылыс саласы – еліміздің тұрақты дамуын қамтамасыз ететін экономиканың негізгі салаларының бірі. Бұл сектор Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің 6 пайызын құрайды және өндірістік әрі әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуда шешуші рөл атқарады.

Соңғы 15 жылда құрылыс саласы орта есеппен жылына 7 пайыздық өсімді көрсетіп келеді. Бұл тұрақты даму қарқыны жаңа талаптар мен заманауи реттеу тәсілдерін енгізуді қажет етеді. Алайда, ширек ғасыр бойы қолданыста болған құрылысқа қатысты заңнама осы уақыт аралығында 130-дан астам рет өзгертілген. Соның салдарынан құқықтық реттеудің бірізділігі төмендеген, — деді министр Мәжілісте.

Нағаспаев Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жаңа Құрылыс кодексін қабылдау – уақыт талабы екенін айтты.

Жаңа Кодекс жобасы қазіргі заман талаптарына сай әзірленіп, саланың тұрақты әрі сапалы дамуына құқықтық негіз болмақ.

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.