Президент Цифрлық инновациялар орталығын құруды ұсынды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының ХІІ саммитінде сөз сөйледі, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы Қазақстан цифрландыру ісіне, соның ішінде жасанды интеллект саласын дамытуға ерекше мән беретінін мәлімдеп, толық цифрлық ел болуды стратегиялық мақсат ретінде айқындағанын жеткізді.

«Жасанды интеллектіні жаппай дамыту үшін білікті мамандар даярлауды қолға алдық. Бағдарлама аясында жыл басынан бері 400 мыңнан аса студент арнайы білім алды. Сондай-ақ, жасанды интеллект мамандарын оқытатын тұңғыш зерттеу университетін ашуды жоспарлап отырмыз. Қазақстан осы оқу ордасында білім алуға ниет білдірген түркі елдерінің жастарына арнайы гранттар бөлуге дайын», – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев осы салалар бойынша ұйым аясында жүзеге асыруға болатын бірқатар бастамаға тоқталды.

«Жуырда Астанада Alem.Ai жасанды интеллект орталығы ашылды. Соның негізінде Түркі мемлекеттері ұйымының Цифрлық инновациялар орталығын құруды ұсынамыз. Бұл орталық стартаптарды қолдап, бірлескен жобаларды дамытуға жол ашады. Жасанды интеллект саласында тәжірибе алмасуға және венчурлік капитал тартуға мүмкіндік береді. Біз цифрландыру және жасанды интеллектінің әлеуетін халықтарымыздың игілігі үшін ұтымды пайдалануымыз қажет. Сонымен қатар, жаңа технологиялардан туындайтын тәуекелдер мен сын-қатерлердің алдын алуымыз керек. Сондықтан келесі жылы Қазақстанда өтетін ұйымның бейресми саммитін «Жасанды интеллект және цифрлық даму» тақырыбына арнауды ұсынамын. Осы жиынның қарсаңында білікті сарапшылардың басын қосып, халықаралық конференция ұйымдастыруға дайынбыз», – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ұлттық кітап күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы отандастарымызды Ұлттық кітап күнімен құттықтады.

Алматыдағы «Жаңа ғасыр» театрына Асанәлі Әшімовтің есімі берілді

Алматы қаласында «Жаңа ғасыр» театрына қазақ театр және кино өнерінің көрнекті қайраткері, КСРО және Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімовтің есімі берілді.

Жұмыссыздарға төленетін жәрдемақының мерзімі қысқарады

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Аскарбек Ертаев мәлімдеді.

Жемқорлық рейтингі: Қазақстандағы ахуал қандай? 

Қазақстан Сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексінде (CPI) 96-орынға ие болды. 

Қазақстанда ауқымды жел станциясы салынбақ 

Астанада өтіп жатқан өңірлік экологиялық саммит – RES 2026 кулуарында Энергетика министрлігі Жаңартылатын энергия көздері департаментінің директоры Тұрар Әлімжан экология, су ресурстары және энергетика саласына қатысты пікір білдірді.