Еңбек кітапшасы не үшін қажет? – Министрлік түсіндірді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі еңбек кітапшасының маңыздылығын және оны цифрлық форматқа көшірудің негізгі тетіктерін түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министрлік мәліметінше, еңбек кітапшасы — жұмыскердің бүкіл еңбек қызметін растайтын басты құжаттардың бірі. Онда жұмысқа қабылдау, басқа қызметке ауыстыру және еңбек шартын тоқтату туралы деректер хронологиялық ретпен тіркеледі. Бұл құжат еңбек өтілі бар азаматтар үшін жұмысқа орналасу кезінде тәжірибені дәлелдейтін негізгі құрал болып саналады.

Сонымен қатар еңбек кітапшасы белгілі бір саладағы кәсіби тәжірибені немесе біліктілікті растау мақсатында да қолданылады.

Әлеуметтік кодекске сәйкес, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін есептеу кезінде еңбек өтілі 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезең үшін еңбек кітапшасымен расталады. Егер еңбек кітапшасы жоқ болса немесе онда тиісті жазбалар жүргізілмеген жағдайда, еңбек өтілін растайтын өзге құжаттар немесе сот шешімі негізге алынады.

2020 жылғы 4 мамырда Еңбек кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес, жұмыс берушілер енді қызметкерлермен еңбек шартын жасау және тоқтату туралы ақпаратты еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне енгізуге міндетті.

Бұл жүйе уәкілетті мемлекеттік еңбек органы белгілеген тәртіппен жүргізіледі және 2020 жылдан бастап жұмыскердің еңбек қызметі тек қағаз түріндегі құжаттармен ғана емес, сонымен қатар цифрлық база арқылы да расталуы мүмкін.

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.