12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау тәртібіне жаңа өзгерістер енгізілмек

Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) тағайындау тәртібіне жаңа өзгерістер енгізілмек. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, енді несиесі бар отбасылардың жәрдемақы алу мүмкіндігі қарыз көлеміне қарай шектеледі, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап.

 
Жаңа ережеге сәйкес егер жан басына шаққандағы жиынтық қарыз сомасы екі еселенген ең төменгі күнкөріс деңгейінен асса, мұндай отбасы АӘК алу құқығынан айырылады.

Мысалы, төрт адамнан тұратын отбасы 2 миллион теңге көлемінде несие рәсімдесе, бұл сома алдымен үшке, кейін төртке бөлінеді. Осылайша жан басына шаққандағы борыш шамамен 166 мың теңге болады. Бұл көрсеткіш ең төменгі күнкөріс деңгейінен әлдеқайда жоғары болғандықтан, отбасы жәрдемақы ала алмайды.

Сонымен қатар министрлік өкілі Шыңғыс Шәкiлдің айтуынша, отбасылар тұрғын үй мақсатындағы депозит ашып, ақша жинай алады, бұл табыс ретінде есептелмейді.

«Отбасына есептегенде 200 айлық есептік көрсеткіштен (786 400 теңге) асатын банктік салымдардың немесе депозиттердің болуы ескеріледі. Бірақ тұрғын үй құрылыс жинақ салымдары табысқа қосылмайды. Бұл мәліметтер азаматтардың материалдық жағдайын әділ бағалауға мүмкіндік береді», – деді әлеуметтік көмек департаментінің бас сарапшысы Шыңғыс Шәкiл.

Жаңа тәртіп әлеуметтік көмекті тек шынымен мұқтаж азаматтарға бағыттауды көздейді.

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы жарияланды

Конституциялық реформалар жөніндегі комиссия Қазақстан Республикасының жаңа Ата Заңының...

Опубликован проект новой Конституции Республики Казахстан

Комиссией по Конституционной реформе опубликован проект новой Конституции Казахстана. Проект...

К новому этапу зрелости государства

КОМИССИЯ ПО КОНСТИТУЦИОННОЙ РЕФОРМЕ ОБЪЕДИНИЛА ВСЕ ПРЕДЛОЖЕНИЯ В ЕДИНЫЙ...

Зейнетақы төлемін пайдалану қағидаларына өзгерістер енгізілді

Тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында біржолғы зейнетақы төлемін пайдалану қағидаларына өзгерістер енгізілді.

Қазақстан халқының 30%-ға жуығы құмар ойындарға қатысқан

Қазақстан халқының 29%-ында құмар ойындар мен лотереяларға қатысу тәжірибесі бар. Бұл туралы ҚР Туризм және спорт вице-министрі Бауыржан Рапиков ведомство алқасының отырысында мәлімдеді.