12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Шетелдік БАҚ Қазақстандағы мемлекеттік қызмет көрсетудің тәжірибесімен танысты

Digital Bridge 2025 халықаралық IT-форумы аясында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы алыс-жақын шетелдік журналистер үшін пресс-тур ұйымдастырды. Астаналық халыққа қызмет көрсету орталығында қонақтар мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы Қазақстан тәжірибесін зерттеп, енгізіліп жатқан цифрлық шешімдерді бағалады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында қонақтарға қызмет көрсету бөлімінің жұмысы туралы жан-жақты ақпарат беріліп, қызмет көрсетуде қолданылып жатқан заманауи шешімдер                                      таныстырылды.  

Журналистерге «ЦОН» мобильді қосымшасы және «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызмет көрсету процестері көрсетілді. Осылайша, шетелдік қонақтар жоғары деңгейдегі автоматтандыруды, интерфейстердің ыңғайлылығын және қызметтерді алу жылдамдығын атап өтті.

«Қазір мемлекеттік қызметтердің 90%-дан астамы электронды түрде көрсетіледі. Бұл – еліміздің цифрлық трансформациядағы маңызды жетістігі. Ол қабылданған шаралардың тиімділігін дәлелдеп, Қазақстандағы цифрландырудың тұрақты дамуын көрсетеді. Біз алдағы уақытта да жаңа технологияларды енгізіп, қызмет көрсету үдерістерін жетілдіре береміз. Негізгі мақсатымыз – халыққа заманауи талаптарға толық сай қызмет ұсыну», – деп атап өтті Арман Кенжеғалиев, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Басқарма Төрағасы.

Сонымен қатар, мобильді қосымшаның бейнеқоңырау арқылы кеңес алу, әлеуметтік төлемдерді есептеуге арналған онлайн-калькулятор, автокөлік тарихын тексеру және көлікті сатып алу-сату шартын тікелей смартфоннан рәсімдеу сияқты инновациялық сервистері ерекше қызығушылық тудырды.  

Қонақтар құжаттандыру терминалдарына да назар аударды. Олардың көмегімен азаматтар бірнеше минут ішінде паспорт немесе жеке куәлікке өтініш бере алады.

Делегацияға компьютерлермен жабдықталған өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы да таныстырылды. Мұнда арнайы құрылғысы жоқ азаматтар мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің қатысуынсыз қызметтерді электронды форматта рәсімдей алады. 

Сапарды қорытындылай келе, шетелдік БАҚ өкілдері қызмет көрсету орталығының жұмысын жоғары бағалап, Қазақстан тәжірибесі мемлекеттік қызметтерді цифрландыру саласында басқа елдерге үлгі бола алатынын атап өтті.

Айта кетейік, пресс-тур Digital Bridge 2025 халықаралық технологиялық форумы аясында өтті. Оған Оңтүстік Корея, Таиланд, Қытай, Малайзия, Армения, Әзірбайжан, Өзбекстан және Беларусь елдерінің журналистері қатысты.

Кәмелетке толмағандарға қатысты істер бойынша медиацияның рөлі

Қазіргі кәмелетке толмағандар ісі бойынша сот ісін жүргізу тек...

Бала асырап алу туралы

Бүгінгі таңда жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын...

Лица, над которыми устанавливается опека или попечительство

Институт опеки и попечительства занимает особое место в системе...

Научное и педагогическое наследие д.ю.н., профессора К.А. Бегалиева

Сегодня в Казахском национальном университете имени аль-Фараби состоялось торжественное...