Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шара: адал қоғамға қадам

Қазіргі жаһандану дәуірінде сыбайлас жемқорлық әлем елдерінің барлығына тән күрделі әлеуметтік құбылысқа айналды. Ол мемлекеттердің тұрақты дамуына кедергі келтіріп қана қоймай, қоғамдағы әділдікке, сенімге және теңдікке нұқсан келтіреді. Қазақстан да бұл мәселені ерекше назарда ұстап, мемлекеттік деңгейде жемқорлықтың алдын алу мен оған қарсы күресті жүйелі түрде жүргізіп келеді.

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның іргетасын шайқалтатын қауіпті дерт. Оның зардаптары мынадай: Экономикалық шығындар – бюджеттік қаражаттың тиімсіз жұмсалуы, инвестициялық ахуалдың әлсіреуі; Әлеуметтік теңсіздік – әділдіктің жоғалуы, қоғамдағы сенімнің азаюы; Моральдық құндылықтардың құлдырауы – парақорлықты «қалыпты жағдай» деп қабылдау, жастардың санасында бұрмаланған түсініктердің пайда болуы. Осыған байланысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – тек құқық қорғау органдарының ғана емес, барша азаматтың ортақ борышы.

 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды өткізудің негізгі мақсаттары:

1. Қоғамда адалдық пен әділдік құндылықтарын насихаттау;

2. Жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру;

3. Мемлекеттік қызметте ашықтық пен жауапкершілік принциптерін орнықтыру;

4. Азаматтардың жемқорлыққа «мүлде төзбеушілік» мәдениетін қалыптастыру

Жемқорлыққа қарсы іс-шаралар түрлі форматта өткізіледі:

Дәрістер мен семинарлар – заңнамалар, құқықтық нормалар, жемқорлықтың салдары жайлы түсіндіру;

Көрмелер мен бейнероликтер көрсету – жемқорлықтың қоғамға тигізер кері әсерін визуалды түрде жеткізу;

          Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда жастардың орны ерекше. Өйткені олар – елдің болашағы. Жастар адалдық пен әділдікті өмірлік ұстанымға айналдырса, қоғамымызда әділет салтанат құрады. Сондықтан білім беру мекемелерінде «Адал ұрпақ», «Sanaly urpaq» жобалары жүзеге асырылып, жаңа буынға парасаттылық қағидалары үйретілуде.              

           Сыбайлас жемқорлықпен күрес – ұзақ мерзімді, жүйелі жұмыс. Ол үшін мемлекет, қоғам және әрбір азамат бірлесіп әрекет етуі қажет. Жемқорлыққа қарсы іс-шаралар тек заң бұзушылықты азайтып қана қоймай, еліміздің рухани жаңғыруына, азаматтық сана-сезімнің көтерілуіне ықпал етеді.

БҚО МАЭСоты

Әкімшісінің басшысы Ж.Г.Есенов

Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі талаптарын сақтауы

Мемлекеттік қызметші – халық пен мемлекеттің арасындағы байланысты қамтамасыз...

Кассациялық соттардың құрылғанына – 1 жыл

2025 жылғы 1 шілдеде Қазақстан Республикасында дербес кассациялық соттар...

ЖСДП мемлекеттік шығыстарды барынша ашық етуді ұсынды

Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның Орталық аппаратының жетекшісі Мақсұт Насибулов Астанада...

«Будучи в Парламенте, они долго блокировали прогрессивные налоги на роскошь или сверхприбыли – члены ОДСП высказались об Ак Жол

Руководитель Центрального аппарата Общенациональная социал-демократическая партия Максут Насибулов выступил...

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЖАҢА ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕЗЕҢ: ТАРИХШЫ МЕН ЗАҢГЕР КӨЗҚАРАСЫ

2026 жылғы 1 шілде – Қазақстанның конституциялық даму тарихындағы...