Мемлекет басшысы жасанды интеллект саласына маманданған университет ашуды тапсырды

Мемлекет басшысы еліміздің алдында тұрған басты мақсат отандық технологияны жан-жақты дамыту және мықты IT мамандарын даярлау екеніне мән берді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Президент бүгінде елімізде жасанды интеллект мамандарын оқытатын арнайы оқу орны жоқ екеніне, олар тек жекелеген университеттерде білім алатынына назар аударды.

«Бұл мәселені қолға алып, нақты шешім қабылдау керек. Әлемде мұндай тәжірибе бұрыннан бар. Мысалы Біріккен Араб Әмірліктерінде Мұхаммед бен Заид атындағы мамандандырылған Жасанды интеллект университеті құрылды. Қазақстанда 79 университетте ІТ мамандығы бойынша 63 мыңнан аса студент оқиды. Былтырдан бері білім беру бағдарламаларына жасанды интеллект пәні жаппай енгізіліп жатыр. Сондай-ақ, университеттерде жасанды интеллект жөніндегі ғылыми-зерттеу орталықтары жұмыс істейді. Білікті ғалымдарымыз былтыр KazLLM атты қазақ тілінің жеке моделін жасап шығарды. Осының бәрі өте маңызды жобалар екені сөзсіз. Бірақ алда ауқымды жұмыс бар», – деді Мемлекет басшысы.

Мемлекет басшысы жасанды интеллект саласына маманданған зерттеу университетін ашуды тапсырды.

«Оқу орнына арнайы мәртебе берген жөн. Сондай-ақ, бұл жұмысқа әлемдік үздік оқу орындарын серіктес ретінде тарту қажет. Үкімет жыл соңына дейін осы мәселе бойынша нақты ұсыныс беруге тиіс. Осындай жаңа оқу орны бізге не үшін қажет деген сауал да туындауы мүмкін. Басты мақсат – экономиканың барлық саласына жасанды интеллект технологиясын енгізетін білікті мамандарды даярлау. Зерттеу университеті ғылым-білім, инновация және халықаралық байланыс орталығы ретінде жұмыс істеуі керек. Қазіргі жаһандық білім және технология нарығында бәсеке өте жоғары. Дарынды жастарымыз әлемдік деңгейдегі сапалы білімді тек шетелден емес, өз елімізден де алғаны дұрыс. Бұл – Қазақстанның болашағына тікелей әсері бар өте маңызды мәселе», – деді Президент.

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.