Елімізде қанша зейнеткер бар?

Жыл сайын дүние жүзінде, оның ішінде Қазақстанда да 1 қазан Халықаралық қарттар күні ретінде атап өтіледі. 1 қыркүйектегі жағдай бойынша елдегі зейнеткерлер саны — 2 млн 503 мың адам, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстанда 100 және одан да үлкенірек жастағы 448 азамат бар. Ең қарт қазақстандық Ұлытау облысында тұрады, ол 115 жасқа толған.

Ал Павлодар облысының тұрғыны 113 жаста. Жамбыл облысының тұрғыны 110 жаста.

Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері қанша?

«1 қыркүйектегі жағдай бойынша республикалық бюджеттен төленетін жиынтық зейнетақының орташа мөлшері — 142 894 теңге, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері — 95 326 теңге, базалық зейнетақы — 47 568 теңге», — деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, бұл мерекені 1990 жылы 14 желтоқсанда Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 45-сессияда жариялады.

Жұмыссыз қалғандарға қолдау: Жәрдемақыдан бөлек қандай мүмкіндіктер бар? 

Қазақстанда жұмыстан айырылу бұрынғыдай тек табыссыз қалу дегенді білдірмейді. Соңғы жылдары мемлекет азаматтарды уақытша қаржылай қолдап қана қоймай, оларды қайта еңбек нарығына бейімдеуге бағытталған бірнеше тетікті қатар іске асырып келеді.

Партиялар съезі саяси айқасқа айналды: Кім кімді ашық сынап жатыр?  

Партия съездері тек бағдарламалық құжаттарды бекіту алаңы ғана емес, саяси күштердің бір-біріне ұстанымын ашық көрсететін мінберге айналды.

Alatau City «жасыл» технологияларды енгізетін пилоттық алаңға айналуы мүмкін 

Кездесу қорытындысында тараптар ұзақ мерзімді әріптестікті дамытуға мүдделі екенін растап, инвестициялық жобаларды нақты пысықтау жұмыстарын жалғастыруға келісті.

Елімізде психологтардың кәсіби қызметіне бірыңғай талап енгізіледі

Қазіргі уақытта министрлік қажетті нормативтік құқықтық базаны әзірлеп жатыр.

Мемлекет басшысы Жоғарғы Соттың төрағасын тағайындады 

Асламбек Мерғалиев Қазақстан Жоғарғы Сотының төрағасы болып қайта тағайындалды.