12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

1 қазаннан бастап Қазақстанда не өзгереді?

Қазаннан бастап Қазақстанда не өзгереді? Massaget.kz тілшісі шолу жасады.

Мектеп оқушыларына күзгі каникул басталады. Демалыс 2025 жылғы 27 қазанда басталып, 2 қарашаны қоса алғанда 7 күнге созылады.

Қазақстандықтар қазанда қалай демалады?

Қазанда қосымша бір күн демалыс беріледі. Республика күні — Қазақстандағы жалғыз ұлттық мереке, ол жыл сайын 25 қазанда атап өтіледі. 

Бес күндік жұмыс аптасы:

2025 жылы 25 қазан сенбіге түседі, сондықтан демалыс дүйсенбіге, яғни 27 қазанға ауыстырылады. Нәтижесінде қазақстандықтар қатарынан үш күн демалады:

  • 25 қазан (сенбі);
  • 26 қазан (жексенбі);
  • 27 қазан (дүйсенбі).

Қазанда бес күн жұмыс істейтіндер 9 күн демалады.

Алты күндік жұмыс аптасы:

  • 25 қазан (сенбі) — демалыс;
  • 26 қазан (жексенбі) — демалыс;
  • 27 қазан (дүйсенбі) — жұмыс күні.

Аптасына алты күн жұмыс істейтін қазақстандықтар қазанда бар болғаны 5 күн демалады.

Қарттар күні атап өтіледі

Жыл сайын бүкіл әлемде, оның ішінде Қазақстанда да 1 қазанда Халықаралық қарттар күні атап өтіледі. Бұл мерекені 1990 жылы 14 желтоқсанда Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 45-сессияда жариялады.

Мүлік салығын төлеу мерзімі аяқталады

Мемлекеттік кірістер комитеті 2025 жылғы 1 қазанға дейін пәтер, үй, саяжай, гараж және басқа да жер учаскелерінің иелері 2024 жылдағы мүлік салығын төлеуі керек екенін ескертті.

Салық 1 қазанға дейін төленбесе, келесі күннен бастап әрбір кешіктірілген күн үшін өсімпұл есептеледі. Сонымен қатар, салық органдары қарыз туралы хабарлама жібереді. Толығырақ мына тұста.

Алғашқы АЭС атауы таңдалады

Жуырда Қазақстанда алғашқы АЭС атауына байқау басталды. Ұсыныстар 25 қыркүйектен 10 қазанға дейін қабылданады. Қазанның аяғына дейін АЭС-тің үздік атауы анықталады.

Алматыда жылу қашан қосылады?

Алматыда жылу қашан қосылады? Бұл сауалға Алматы қаласының Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы жауап берді.

2026 жылдан бастап салық төлемеген шетелдік платформалар бұғатталуы мүмкін

ҚҚС төлемеген шетелдік онлайн-компаниялар бұғатталуы мүмкін, себебі 2026 жылдан бастап жаңа ереже күшіне енеді.

Президент алдағы Ұстаздар күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы мұғалімдердің кәсіби мерекесі елімізде ерекше аталып өтетінін жеткізіп, ұстаздар қауымына зор құрмет көрсетілетінін айтты.

Мемлекет басшысы жасанды интеллект саласына маманданған университет ашуды тапсырды

Мемлекет басшысы еліміздің алдында тұрған басты мақсат отандық технологияны жан-жақты дамыту және мықты IT мамандарын даярлау екеніне мән берді.

Елімізде қанша зейнеткер бар?

Жыл сайын дүние жүзінде, оның ішінде Қазақстанда да 1 қазан Халықаралық қарттар күні ретінде атап өтіледі.